Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астана мектептерінде «Қоғам және дін» пәні тәжірибелі түрде енгізіледі

«Қоғам және дін» пәніне арналған арнайы оқулық жыл соңына дейін жазылып бітеді

Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының жетекшісі Айдар Абуовтың мәліметінше, қазіргі таңда ҚР-ның жалпы білім беретін оқу орындарында 9 сынып оқушылары «Зайырлылық пен дінтанудың негіздері» атты пәні бойынша оқытылады. Алайда, бұл пәнді оқытудың бағдарламасында бірқатар олқылықтар бар екен, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты. «Бағдарлама сараланып, оның бірқатар кемшіліктері бар екені анықталды. ҚР БҒМ мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бірлесіп, олқылықтарды ескере келе, «Қоғам мен дін» атты пән бойынша жаңа оқу бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Ол талқылаулардан өткеннен кейін қанатқақты жоба ретінде Астана мен Алматы қалаларының кейбір мектептерінің бағдарламасына енгізіледі деп жоспарланды. «Қоғам мен дін» пәнінің оқыту бағдарламасы жетілдірілген тақырыптардан тұрады», - деді Айдар Абуов. «Қоғам мен дін» оқулығы ағымдағы жылдың соңына дейін дайын болады деп күтілуде. Оқулық дайын болған соң Астана мен Алматы қалаларының кейбір мектептерінде 8 сынып оқушылары жаңа пән бойынша білім алмақ.
Следующая →