Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Алтай-Азия-2017" студенттер форумына қатысты

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері Ресей Федерациясында өткен форумға қатысып қайтты

“Биология” және “Экология” мамандығының 4-курс студенттері  Назым Рахметоллақызы,  Шынар Тустубаева және “География” мамандығының магистранты, Студенттер мен Жас ғалымдардың ғылыми зертеулерін дамыту орталығының маманы  Шахризада Найзабаева 14-18 қыркүйек аралығында Барнауыл қаласында (РФ) өткен ІІІ "Алтай-Азия-2017" атты Азия университеттері студенттерінің форумына қатысты. 

Аталған форумның басты мақсаты - Азия өңіріндегі жоғарғы білімнің интеграциялық дамуы, сонымен қатар РФ және Азия мемлекеттері студенттері мен студенттік ұйымдары арасындғы қарым-қатынасты нығайту. Орталық Азия елдерінің 8 мемлекетінен 20-дан аса жоғары оқу орындарынан келген жастар және жас ғалымдар  Халықаралық форумның қатысушылары болды. Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан,Үндістан, Қытай және Моңғолия елдерінен келген белсенді жастар мен жас ғалымдардың жалпы саны 180-ге жуық.

Алтай өлкесінің Барнауыл қаласында "Алтай-Азия - 2017" ІІІ Азиялық студенттер форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Форум барысында ШҚМУ студенттері Н. Рахметоллақызы, Ш. Тустубаева, тыңдаушы, ал Ш. Найзабаева  сарапшы ретінде қатысты.

Таулы Алтай жерінде өткен фестиваль жоғарғы деңгейде өткізілуімен ерекшелініп, Азия университеттерінің студенттері мен ұйымдары арасында достық қарым-қатынасты нығайтты.

Форумның салтанатты жабылу рәсімінде университеттердің басшылары Азия университеттері қауымдастығының жастар кеңесін құру туралы шешімге қол қойды, сонымен қатар қатысушыларға сертификат және АлтМУ-нен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә. Қуандықовқа Алғыс хат табысталды.
Следующая →