Ауылды жердің ауыз су мәселесі қашан шешімін табады?
Облыстық әкімдік отырысында Даниал Ахметов таза ауыз сумен қамту мәселесіне аудан әкімдерінің білек сыбана, белсенді түрде кірісуін тапсырды
Қазіргі таңда Көкпекті, Жарма, Ұлан және Тарбағатай аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар ақсап тұр.
Анығына келетін болсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар 97 пайызға, ал ауылды жерлер 68 пайызға ауыз сумен қамтылған. Өңірде 751 жергілікті мекен болса, 409 ауылда ауыз су жеке құдықтары жұмыс істейді.
117 ауылдағы халық саны бүгінде 100-ге де жетпейді. Мұндай жерлерге ауыз су тарту тиімсіз болғандықтан, ауылдарды біріктіру арқылы оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы бес жыл көлемінде облыста «Ақ бұлақ» және «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында 110 нысанды жүзеге асыруға 36 млрд теңге қаражат көзделген. Бүгінде оның 98-і қолданысқа беріліп, 18-і жүзеге асырылуда. 971 шақырым су желісі жөндеуден өтті. Биыл олардың қатары 47 жобамен толықты. Бұл ретте аймақ басшысы аудан әкімдеріне қаражатты есеп үшін емес, халықтың шынайы игілігі үшін жұмсау керектігін ескертті.
- 135 ауылға су тарттық деп есеп бере салмай, халық қай ауылда көп шоғырланған, бірінші сол елді мекендерге тарту керек. Әйтпесе, көрсеткіш үшін жұмысты тез-тез бітіруге болады. Бірақ, ең бірінші, халықтың қамын, атқарылар істің сапасын ойлауымыз керек. Әр жоба үшін аудан басшылары жеке-жеке жауап береді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Бүгінде сумен қамту деңгейі өңірдегі орта көрсеткіштен төмен аудандарда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы талдау жүргізуде. Жалпы 2020 жылға дейін 89 ауылдың 62 пайызын, яғни, 88 мың адамды таза ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.
Айта кету керек, 2020 жылға арналған бағдарлама аясында кейбір өңірлерде нақтылық байқалмайды. Мысалы, Шемонаиха, Глубокое аудандарындағы халық санының аздығына байланысты су тарту жұмыстары жүргізілмей, тек ескі құбырларды жөндеумен шектелген.
Следующая →