Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Семей қаласындағы ұшу-қону жолағы дайын

Ағымдағы жылдың басында Семей әуежайында қайта жөндеу жұмыстары басталған еді

Стратегиялық маңызы бар бұл нысан 40 жыл қатарынан жөндеу көрмей келген. Облыс әкімі Даниал Ахметов жуықта әуежайда жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының бабымен танысып қайтты. 

Қазіргі таңда әуежайдағы жұмыстар жоспарлық кесте бойынша нақты орындалып келеді. Атап айтқанда, ұшып-қону жолағы дайын. Жыл басынан бері 4,8 млрд теңге игеріліп болған. 

- Жоспарлық кесте бойынша жұмыстар тиянақты орындалып келеді. Сондықтан, келесі жылдың бірінші жартыжылдығында, нақтырақ айтсақ, маусым айында жұмыс толық бітеді деген сенім бар, - дейді өңір басшысы. - Осылайша, аймақ тұрғындары қауіпсіздік деңгейі жоғары «3А» санатты әуежайды қолданысқа алады. Жарты ғасырға жуық жөндеу көрмеген әуежай жаңа кескінге ие болады.

 Семей өңірі киелі орындарға өте бай келеді. Еуразияның кіндік нүктесі орналасқан Жидебайды айтпағанда, Абай, Достаевский, Невзоровтар мұражайының өзі туристердің қызығушылығын тудырады. Сондықтан, атқарылып жатқан жұмыстар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұспа-тұс келгені де ыңғайлы сәтін тапқандай. 
Следующая →