Қазақстандағы оқушылар бес күн сабақ оқиды
Мектеп әкімшілігі алтыншы күні болатын сабақтарды бес күнге сыйғызып, ата-аналарымен бірге ақылдасып шешім қабылдайтын болады
Сенбі күні болатын сабақтар болмайтын болды, деп хабарлайды КТК арнасы тілшілері.
Оқушыларға түсетін салмақты азайту үшін сабақ 40 минуттан өткізіледі.
Бес күн ғана оқу не оқымау туралы шешімі мектеп әкімшілігі ата-аналармен ақылдаса келе шешетін болады.
Оқудың жаңа тәртібі Қазақстандағы барлық мектептерде қолданылады. Тек 300-ге тарта гимназиялар мен лицейлерге ғана қолданылмайды. Өзгеріс демалыс күндеріне еш әсер етпейді.