Дариға Назарбаев: Кәсіпкер қыз-келіншектердің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға жетіп отыр
«Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына жаңа мүмкіндіктерді» талқылауға төрт елден 350 бизнесвумен келді, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты. Кездесуді Дариға Назарбаева ашты
Қазақстандағы барлық тауарлар мен қызметтің жартысына жуығын әйелдер өндірген. Кәсіпкер қыз-келіншектердің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға жетіп отыр. Бұл шекті көрсеткіш емес. Нәзік жандылар 70 пайыздық межені бағындырмақ ойда. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан іскер әйелдердің саммитінде айтылды.
Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:
-Қазір кім кімнен үйренуі керек деген күмәнді сұрақ. Шынын айтқанда үлкендер бизнес жасауды керісінше жастардан үйренсе деймін. Цифрлік технология, интернет, әлеуметтік желілер бизнес үшін шексіз мүмкіндіктерді ашып отыр. Мен 14-17 жасар балалардың компьютер алдында отырып ақша тапқанын көрдім. Ондай табыс түрі біздің түсімізге де кірмеген.
Әлемде қазір әйелдердің кәсібі деген ұғым жойылды. Бұл үрдіс Қазақстанға да әлдеқашан жеткен. Оған бүгінгі саммитке келген қыз-келіншектер дәлел. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндірісте де өнімді жұмыс істеп жатыр.
Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:
-Әйелдер болмаса денсаулық сақтау, білім саласы әлдеқашан құрдымға кетер еді. Жұмыссыздық жайылар еді. 30 пайызға дейін. Құрметті апа-сіңілілер, сіздердің еліміздегі ІЖӨ-ге қосар үлесіңіз 40 пайызды құрайды. Мұнымен де шектелмейді деп ойлаймын.
Іскер әйелдер қауымдастығы 70 пайыз көрсеткішке жетеміз деп отыр.
Ирен Нативидад, Жаһандық әйелдер саммитінің президенті:
-Кәсіпкерлер әйелдер санының жыл санап артуы бұл жаһандық үрдіс. Америкада да кәсіпкерлердің 40 пайызы қыз-келіншектер. Олардың қазынаға салық ретінде табыс кіргізуін айтпағанда, 9 млн жұмыс орнын беріп отыр. Меніңше Қазақстан да жақын арада осы жолға түседі.
Бүгінгі жиында жас кәсіпкерлер аға буынмен танысып, тәжірибе алмасуға келісті. Бұндай жиындар іскерлік байланыс орнатуға оңтайлы дейді олар. Ал ертең іскер әйелдер дәл осы құрамда ЭСКПО қалашығында «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» атты халықаралық форум өткізеді
Следующая →