Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

«Анаға апарар жол» халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Хорватиядағы «Марко Поло» кинофестивалінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Анаға апарар жол» тарихи драмасының көрсетілімі болды

Фестивальге Әзербайжан, Болгария, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Корея, Түркия, Хорватия және басқа да елдердің кинематографтары қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстандық делегация құрамында «Анаға апарар жол» филмінде басты рөлдерді сомдаған Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, сондай-ақ, Хорватиядағы ҚР елшілігінің қызметкерлері болды.

«Сіздердің фильмдеріңіз ерекше атмосферасымен, түсірілім және актерлер тобының тамаша жұмысымен ерекшеленеді. Біз фильмдегі ана мен бала махаббаты арқылы сіздердің елдеріңіздің тарихымен таныстық. Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаеваға осы еңбегі үшін алғыс айтамыз», - деді фестиваль директоры, белгілі режиссер әрі продюсер Игорь Призмич. «Марко Поло» фестивалінің әділ қазылары «Анаға апарар жол» кино картинкасына фестивальдің бас жүлдесі «Үздік фильм» атылымы мен қазақстандық делегация мүшелеріне дипломдар мен марапаттар табыстады.

«Біз үшін осындай әсерлі фильм арқылы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін шетелдіктерге таныту үлкен мақтаныш. Біз көрермендердің шынайы көз жасын көріп, жылы лебіздеріне бөлендік», - дейді Алтынай Нөгербек. 
Следующая →