Өскемен
Қалың бұлтты
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Семей
    -5°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -3°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
    -1°
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +13°
  • Орал
    +6°
  • Шымкент
    +11°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Биыл қанша бала бірінші сыныпқа барды?

Сәбидің өмірге келгені сынды баланың алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барғаны да ата-ана үшін зор қуаныш

Бұл күндері ел арасында тілашар тойын атап өту дәстүрі кең етек жайғанын да байқаймыз. 

Жалпы биыл облыста қанша бала бірінші сыныпқа қабылданды екен? 

- Алдын ала болжамға сәйкес, 2017-2018 оқу жылында бірінші сыныпқа 20675 бала қабылданды. Ал былтырғы оқу жылында 21216 бала бірінші қабылданған еді, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Сайрангүл Жұмаділова. 

Биыл Өскемен қаласына қарағанда Семей қаласында бірінші сыныпқа қабылданған балалардың саны көп екен. 

- Өскемен және Семей қалаларының білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес Өскемен қаласында 3915 бала, Семей қаласында 5010 бала бірінші сыныпқы қабылданған, - дейді Сайрангүл Жұмаділова. 

Бұл Өскемен қаласына қарағанда Семей қаласындағы оқушылардың саны көп екендігін аңғартады. Егер 2016 жылы облыстағы оқушылардың жалпы саны 175 170 болған болса, оның ішінде 31430-ы Өскемен қаласындағы, 39912-сі Семей қаласындағы мектептерде білім алған. 

Биылғы оқу жылында аудандар арасында бірінші сыныпқа қабылданған балалар саны жағынан Аягөз ауданы көш бастап тұр. 

- Аталған ауданда 2016-2017 жылғы оқу жылымен салыстырғанда бірінші сыныпқа келушілердің саны 126 балаға артқан. Ал басқа аудандармен салыстырғанда Абай ауданындағы бірінші сыныпқа келушілердің саны аз. Алайда былтырғы жылға қарағанда 14 балаға артқан, - дейді Сайрангүл Жұмаділова. 

Дегенмен Аягөз және Үржар ауданындағы оқушылардың саны өзге аудандармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан да Аягөз ауданында бірінші сыныпқа келген оқушылардың саны көп болмақ. 
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Биыл қанша бала бірінші сыныпқа барды?