Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жастар - ертеңгі болашақтың іргетасы

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді

Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. Осы себепті-де әр жолдауында Елбасы жастардың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес.

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу тетіктері де анық көрсетілген. Жыл сайынғы Президент Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруы мен өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен және мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған бағдарламаларымен ерекшеленеді.

Қазіргі жастар - ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иесі. Сондықтан да Елбасымыз бұл мәселеге де көп көңіл бөліп келеді. Биылғы жолдауда да ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін өзгерту қажет екенін атап өтіп, ІТ-білім, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мен патриоттық тәрбиенің өзектілігін көрсетті. Мұның барлығы жастар бойында мемлекетіміздің жаңа даму кезеңінде қажетті, өмір үшін маңызды жаңа дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырады. Білім беру жүйесінде ІТ-саланың қарқынды дамуы және мұғалімдердің квалификацияларының жоғарылауы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының айырмашылығын азайтуға септігін тигізері айқын. Еліміздің жас буыны үшін білім, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы сұрақтары ерекше маңызды. Әлемнің жаһандануы жастардан жаңа көзқарастар мен еңбек нарығын талап етеді. Жастар үшін жұмысқа орналасу маңызды мәселенің бірі. Сондақтан, мемлекеттік жастар саясатының еңбек және жұмыспен қамту саласында жастарды жұмысқа орналастыру және жастарды кәсіптік даярлық курстарында оқыту бағдарламалары іске асырылуда. Осыған орай, Президент еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Мұндай Жол карталары жұмыс берушілердің қысқартылған жұмыскерлерді қайта дайындау және жаңа жұмысқа орналастырудағы міндеттерін айқындап көрсететін болады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін де баса айтты. Бұл - аса маңызды іс. Өйткені ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына, дініне қиянат жасамайды. Жастардың бойындағы белсенділік, бастамашылдық - өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, «Мәңгілік ел» болуына нық қадам бастайды.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жолдауы жастарға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына жетуде серпінді қадам жасауға, экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыруда, жастардың бәсекелестік қабілеттілігін нығайтуда және 2030 жылы 30 дамыған елдер қатарына қосылуыға зор ықпалын тигізері анық.      

Өскемен қалалық әділет басқармасы

Следующая →