Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыста қанша сәби дүниеге келді?

2017 жылдың бірінші шілдесіндегі статистикалық дерекке назар аударсақ, Шығыс Қазақстан облысында 1 386 027 адам өмір сүріп жатыр екен

Халқының саны жағынан облысымыз республика аймақтары арасында үшінші орында тұр. Алғашқы орында Оңтүстік Қазақстан облысы орналасса, екінші орында Алматы облысы орналасқан. Бұған дейін Шығыс өңірі халық саны жағынан Қарағанды облысынан кейін төртінші орында тұрған, алайда көмірлі аймақтың халқы жыл сайын азайып келеді. Есесіне, Шығыстың халқы артқан.

Шығыс өңірінде көші-қон мен адам өлімі өзге облыстармен салыстырғанда жоғары болса да, аймақ халқы біртіндеп өсіп келеді. Облыс басшылығы аймақтағы туу көрсеткіштерінің жоғарылағанын айтқан болатын.

- Облысымызда сәбилер көп туылуда. Бұл қуанышты хабар өз кезегінде біршама «қуанышты» қиындықтарды міндеттеп отыр. Облысымызға көбірек балабақша керек болмақ, - дейді ШҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаев.

Облыстық Әділет департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылы облыста 23 551 бала дүниеге келген. Ал 2017 жылдың алғашқы алты айында 11 326 сәби дүние есігін ашқан. 2016 жылы 11 309 сәби дүниеге келген екен.

2016 жылы 109 егіз сәби туылған болса, 2017 жылдың алғашқы алты айының өзінде 95 егіз сәби дүние есігін ашқан екен. Ал 2016 жылы облыста бір ана үшемді өмірге әкелген болса, 2017 жылдың алғашқы кезеңінде үш бірдей ана үшемді дүниеге әкелген.

2017 жылы туылған қыздар арасында Айзере, Айару, Раяна, Айша, Кәусар, Айлин, Амина, Інжу, Медина, София, Айым, Әмина, Аружан, Аяулым, Аяла сынды есімдер жиі қойылған екен. Ал ұлдар арасында Алихан, Айсұлтан, Нұрислам, Ерасыл, Алинұр, Амир, Әли, Мирас, Арсен, Санжар, Нұрасыл, Алдияр, Ислам, Артем, Дамир сынды есімдер жиі ұшырасады. Сонымен қатар, мамыр айында туылған ұлдардың арасында Рамазан, Нұрислам, Ислам, Дінмұхаммед сияқты есімдер жиі қойылған екен.

Облысымызда барлығы 26 перзентхана бар. Оның ішінде 20-сы бірінші деңгейлі мекемелер болса, 4-еуі екінші деңгейлі, 2-еуі үшінші деңгейлі мекемелер.

Балалар көбейіп келе жатқандықтан, балабақшалар да көбеюі керек. Қазіргі таңда облысымызда 302 балабақша бар. Оның 58-і Өскемен қаласында орналасқан.

- Облысымызда демографиялық жағдай өсіп келеді. Қазіргі таңда Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Зайсан, Зырян, Глубокое, Үржар, Ұлан аудандарында балабақшалар жетіспейді, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Ал бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаев болса, биыл бірнеше балабақшаларды салу туралы меморандумға қол қойылатындығын айтқан болатын. 

Следующая →