Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Биылғы оқу жылында күнделік бола ма?

Білім министрлігі 2020 жылғы дейін қазақстандық білім беру жүйесін кезең-кезеңімен өзгерту саясатын ұстанып отыр

Жаңа министр де өз басқарып отырған саласына жаңалықтар мен реформаларды әкелуден жалықпады. Былтырдан басталған өзгерістер биыл да өз жалғасын таппақ. Биылғы оқу жылындағы өзгешеліктер мен жаңалықтар туралы айтпақпыз.

Биылғы оқу жылындағы өзгерістер, негізінен, 2, 5 және 7-сынып бағдарламаларында орын алған. Ата-аналар мен оқушылар үшін басты жағымды жаңалық - бұл бес күндік оқу жүйесінің қолданысқа енуі. Яғни, 2, 5 және 7-сынып оқушылар ендігі кезекте негізгі оқу бағдарламасын бес күн бойы оқиды да, сенбі және жексенбі күні демалатын болады. Былтыр бес күндік сабақ оқуға бірінші сынып оқушылары көшкен болатын.

- Сенбі күндері вариативтік құрамдағы сабақтар өткізіледі, - дейді облыстық білім беру басқармасы.

Тағы бір маңызды жаңалық - бұл 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңа мазмұндағы кітаптармен оқитындығы. Аталған сыныптардың жаңа оқулықтары 2015-2016 жылдар аралығында жасалып, 2017 жылы бекітілген болатын.

- 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Облыс мектептерінің 2, 5, 7-сыныптары толықтай жаңа оқулықтармен қамтылған, - дейді басқарма басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

5 және 7 сыныптар оқушыларын бағалау жүйесі де биылғы өзгеше болмақ. Яғни, балаларға бағалармен емес, ұпай сандары арқылы бағалаудың жүйесі енгізілмек.

- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1,5, 7-сыныптар көшеді. 2-сыныптарды критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, - дейді Айгүл Байжанова.

Екінші сынып пен бесінші, жетінші сынып оқушыларына баға тек жылдық пен тоқсандыққа ғана қойылады. Тоқсандық және жылдық бағалау ұпай немесе баға арқылы анықталмақ. Бұл үрдіске мұғалім мен оқушы және ата-ана қатысатын болады.

Ата-аналар үшін тағы бір маңызды жаңалық – бұл электронды күнделік жүйесі. Биылдан бастап министрлік тарапынан еліміздегі барлық мектептерге электронды күнделік жобасын енгізу жоспарланған болатын. Егер бұл жүйе облыс мектептерін толықтай қамтыса, онда ата-аналар күнделік сатып алмайды. Мұны жақсы жаңалық дей аламыз. Ал электронды күнделік жүйесіне қосылмаған мектеп оқушылар күнделік сатып алуға мәжбүр.

- Күнделік.кз - баға қойылатын электрондық құжат, онлайн портал. Аталған жүйеге электронды журнал, оқушының күнделігі, сабақ кестесі мен үй тапсырмалары жүктеледі. Қазіргі уақытта порталға 9851 мұғалім, 38471 оқушы және 30988 ата-ана тіркелген. Ал 2016-2017 жылдары порталдағы электронды журналға бағалар қойылып, оқушылардың сабаққа қатысуы белгіленді, үй тапсырмалар берілді, - дейді Айгүл Оралғазықызы.

Сондықтан ата-аналарға әзірше күнділіктерді сатып алуға асықпағаны дұрыс. Өйткені мектеп электронды күнделік жүйесіне қосылған болса, онда күнделікті сатып алудың қажеті жоқ. Қазіргі уақытта облыстың 391 мектебі электронды күнделік жобасына қосылған екен.

- Жаңа оқу жылында облыста электронды журнал қызметін пайдаланатын мектептер санын арттыру жоспарлануда, - деп толықтырады Айгүл Байжанова.

«Күнделік» жобасы үш жылға жоспарланған, министрліктің сөзіне қарағанда, мұндай электронды құжат қағазбастылықтан арытпақ.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 1-2 сынып оқушыларына арналған арнайы жұмыс дәптерлері пайда болмақ. Алайда мұндай жұмыс дәптерлерін мектептің өзі бере ме әлде ата-аналар дүкендерден сатып ала ма, ол жағы белгісіз. Алайда базарларда мұндай жұмыс дәптерлері 200 теңгеден басталады.

Биыл 12 жылдық оқу жүйесі қолданысқа енбейді. Бұл жүйе 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Он екі жылдық білім беру жүйесі бұл 0-11 сыныптарды қамтымақ, яғни 0-сынып автоматты түрде он екі жылдыққа енгізілмек. 

Следующая →