Қазақстанда қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек беріледі
Қазақстанға жанұяны жетектеу институтын енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова
- Былтырғы жылдан бері жанұяны жетектеу институтын құру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Ол қалай жұмыс істейді және Қандай қызмет көрсетеді? Егер бүгін жанұя уәкілетті органға келіп «өтінемін, жәрдемақы беріңіз» деп арыз жазып, жанұясының кіріс деңгейін дәлелдесе, келесі жылдан бастап қолдау қызметін көрсетеміз. Сол кезде біздің жергілікті атқарушы органдар «Сіз тәуекелді жағдайдасыз, жанұяңыздың кірісі кедейшілік деңгейінен төмен» деп жауап береді, - дейді С.Жакупова.
Оның айтуынша бірінші кезекте аз қамтылған отбасылар мен мүгедектер назарға алынады.
- Жетектеудің мәні неде? Жанұяның әрбір мүшесімен әңгімелесіп, жаняұны қиын жағдайдан шығару үшін шаралар кешенін құрады. Егер статистикамен айтатын болсақ, қазірдің өзінде бұл қағидамен жұмыс істеудеміз. Қазірдің өзінде 628 балаға көмек көрсетіп олардың аналары жұмысқа орналасты. Меніңше бұл өте үлкен пайда, - дейді вице-министрі.
Следующая →