Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да көпкүндік веложарыс басталды

Шығыс Қазақстан облысында дәстүрге айналған велошеру - «Қазақстан оқушысы-2017» көпкүндік халықаралық веложарыс басталды

Бұл веложарыс биыл 48-ші рет, ал Шығыс Қазақстан облысы аумағында 17-ші рет қатарынан өткізіліп отыр. Жасөспірімдар жарысына Қазақстан мен Өзбекстаннан жиналған 130-дан астам спортшы қатысуға келген. Веложарыста Астана, Алматы қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстаннан жиналған 18 команда бақ сынап жатыр.

- Жыл сайын өткізілетін бұл веложарыс болашақ чемпиондарды тану мен олимпиадалық резервті дайындауға мүмкіндік беретін мектеп ретінде қалыптасып кеткен. Бұл веложарысты Шығыс Қазақстанда өткізу туралы шешімді бұдан он жеті жыл бұрын қазіргі облыс әкімі, бұрынғы Қазақстандағы велоспорт Федерациясының Президенті Даниал Ахметов қабылдаған болатын. Өйткені облысымыздың географиялық және жер жағдайы веложүріске өте ыңғайлы, таулы-қыратты, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров.

Веложарыс 6-13 тамыз күндері аралығында жеті күн бойы өтеді. 6 тамыз күні елу шақырымдық топтық жарыс «Шешек» асуынан басталады да, Бозанбай ауылына дейін созылады. Велосипедшілер ауылдың шетінен кері бұрылып, мәре сызығына - «Шешек» асуына қарай бағытталуы керек. Ал 7 тамыз күні алпыс шақырымдық, 8 тамыз күні жетпіс шақырымдық топтық жарыс өтеді. Ал 10 тамыз күні он бес шақырымдық жекелей жарыс басталады. Жарыс Солнечный кентінен басталып, Бобровка кентінен (Глубокое) кері бұрылады. Ал 11 тамыз күні тағы да елу шақырымдық веложарыс басталып, қатысушылар Шешек асуы мен Бозанбай ауылы арасында жарысады.

- Біздің команда үздік алтылыққа енуі мүмкін. Астана, Алматы, Петропавл, Тараз қалаларынан келген командалардың дайындығы мықты, - дейді жарыстың бас төрешісі Рашид Хакимов.

Ал шығысқазақстандық велоспортшылардың дайындығы ағымдағы жылдың ақпан айынан басталған екен.

- Велоспортпен бес жыл айналыстым. Екі рет Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болдым. Қазір он төрт жастамын. Жарысқа дайындығым жақсы деуге болады, - дейді шығысқазақстандық команданың ойыншысы Дарья Чукина.

Ал жарыстың соңғы кезеңі 12 тамыз күні алпыс шақырымдық веложарыс Ушанов кентінен (Глубокое) басталады. Ал 13 тамыз күні Сатпаев-Карл Маркс көшелері бойында жиырма шақырымдық жарыс өтеді. Осы күні жарыстың жабылу салтанаты болады.


Следующая →