Атырау облысында суға батқан адамды балалар құтқарып қалды
Тандай ауылының жоғарғы сынып оқушылары өздерінің суға батып бара жатқан достарын құтқарып қалды
Алты дос Бақсақай арнасына суға түсіге барған. Олардың арасындағы Нұрсәт есімді жігіт жүзе алмайтындығын достарына айтуға ұялған. Бұл туралы ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Балалар суға кіргенде Нұрсәтті қатты ағыс ағызып кеткен. Достары Нұрсәттің жоғалып кеткенін байқап, суға сүңгіп, іздей бастаған. Бегалы есімді оқушы досын су асытнан тауып алған. Жігіттер Нұрсәтті жағаға алып шығып, ес-түссіз жатқандықтан жүрегіне массаж жасап, қолдан дем алдырған. Біраз уақыттан кейін Нұрсәт есін жиған.
Артынша оқиға орнына зардап шеккен баланың ата-анасы мен жедел жәрдем келіп, Нұрсәтті ауруханаға алып кеткен.