СҚО-да 7 мыңнан астам қаңғыбас иттер мен мысықтар жойылды
Солтүстікқазақстандық мал дәрігерлері алғашқы жарты жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды
Мал дәрігерлігі бекетінің негізгі жұмысы ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алу және оларды анықтау, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 6 ай ішінде облыста 590 мың бас ірі қара және ұсақ мал, жылқылар мен шошқалар бруцеллез тексерісінен өтті. 256 849 бас ірі қара мал, 313 449 бас ұсақ мал, 3 285 бас жылқы және 63 981 бас шошқаға топалаңға қарсы вакцина егілді. Мал дәрігерлерінің айтуынша, ауруға қарсы екпенің сапалы әрі уақытында егілуінен ұзақ жылдар бойы Солтүстік Қазақстан облысында аталған ауруға шалдыққан мал тіркелмеген.
«Көбінесе жыртқыштар тарататын құтыру және басқа да аурулардың алдын алу мақсатында облыс бойынша 7 788 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды», - деп мәлім етті басқарма.
Мамандар сондай-ақ, жүзеге асырмас бұрын мал шаруашылығы өнімдерін де мал дәрігерлік-санитарлық сараптамадан өткізеді. Мал дәрігерлері 7 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, мыңнан астам бақылауға алынған нысандар қаралды. Полиция қызметкерлері мен мал дәрігерлік бақылаудың аумақтық инспекциялары бірлесіп 113 рейд жүргізді. Нәтижесінде 66 жануарларды және олардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдау ережесін бұзушылық анықталды.
«Ішкі сауда нысандарындағы мал дәрігерлік бақылау күн сайын жүзеге асырылады. Жыл басынан бері азық-түлік базарлары, мамандандырылған дүкендер және сауда үйлерінде 69 құқық бұзушылық анықталды», - деп мәлімдеді мал дәрігерлігі басқармасы.
95 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,85 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.