Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс өңірінде жүк көліктері жолды құртуда

Семей мен Курчатов қаласы бағытында қатынайтын автокөлік иелері жолдың өте нашар екендігін айтып шағымдануда

- Жүк көліктерінің кесіренен Семей-Курчатов жолымен қатынайтын жеңіл автокөліктер мүлдем жүре алмайтын болды. Жүк көліктерінің өзінің қатынау уақыты бар емес пе?! +25 С градус температурада жүк көліктеріне тас жолмен жүруге болмайды. Жол полицейлері қайда қарап жүр? Мен не үшін салық төлеуім керек?! - дейді Семей қаласының тұрғыны Дәурен Кәкібаев.

Курчатов қаласының әкімі де бұл бағыттағы жолдың апаттық күйге түсуіне жүк көліктері кінәлі деп отыр.

- Семей-Павлодар бағытындағы жол жөнделе бастаған соң жүк көліктерінің көпшілігі Семей-Курчатов бағытында қатынай бастады. Бұл жолдың жағдайы онсыз да мәз емес. Курчатов қаласының ТҮКШ бөлімі облыстық автомобиль жолдары басқармасына хат жолдап, жолдың жөнделуін өтінген. Жолдың нашар екендігінен ШҚО басшыларын да хабардар еткенбіз, - деп жазады Фейсбук желісінде Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов.

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, 22 шілде күні ТҮКШ мамандары мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ директоры Нұрланбек Өмірбаевпен бірге Семей-Курчатов бағытындағы жолға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жүк тасымалдауды қатаң қадағалауға алу жөнінде шешім қабылданған. Сонымен қатар, ұлттық компаниямен жол жөндеу бойынша меморандумға қол қоюға келіскен.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →