Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада опера өнерінің "Опералия Пласидо Доминго" халықаралық конкурсы өтуде

24-29 шілде күндері «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында әлемдегі ең мәртебелі «Пласидо Домингоның Опералия» опера байқауы өтуде

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында хабарланғандай, ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Домингомен құрылған опера өнерінің әлемдік байқауын жобаның бас демеушісі «Rolex» компаниясы ұсынады.

«Опералияның» жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінен келген 40 дарынды жас орындаушылардың қатарына «Астана Операның» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякты қоса, қазақстандық төрт әртіс енді. «Опералияның» құрметті қонағы – КСРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.

Көрермен байқаудың барлық кезеңдерін тамашалай алады. Ширек финалдар мен жартылай финал кезеңдері 24, 25 және 26 шілдеде тыңдалым түрінде өтеді. Қатысушылар әлемдік опера классикасынан өздері таңдап алған арияларды «Опералия» концертмейстерлерінің сүйемелдеуімен орындайды. 29 шілдеде өтетін финалда он үміткер маэстро Домингоның өзі жетекшілік ететін «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жеңіске жету үшін бақ сынайды.

Следующая →