Қазақстандық оқушы Бразилияда алтын медаль жеңіп алды
Рио-де-Жанейрода өткен математикадан өткен халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды. Олимпиадаға әлемнің 100 елінен 600-дей бала қатысқан
IMO Халықаралық математика олимпиадасында Павлодар қаласының он бірінші сынып оқушысы Әмір Мохаммед-Әли алтын медаль жеңіп алды.
Бұл олимпиадаға Қазақстанның төрт оқушысы қатысқан. Олардың төртеуі де жүлдемен оралған: біреуі алтын, біреуі күміс, біреуі – қола, тағы біреуі құрмет грамотасымен марапатталған.
Павлодарлық оқушы былтыр Қытайдың Гонгонг қаласында өткен IMO олимпиадасында да алтын медаль жеңіп алған.