Қазақстанда «Дала қыраны - 2017» бітімгерлік дайындығының екінші кезеңі басталды
2017 жылдың 22 шілдесі мен 4 тамызы аралығында Қазақстанда «Дала қыраны - 2017» халықаралық арнайы тактикалы бітімгерлік дайындығы өтеді
Аталғандай, «Илийский» дайындық орталығының базасында басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында.
Бұл дайындықтың басты мақсаты бейбітшілікті сақтай отырып, кризистік жағдайларға әрекет ету, БҰҰ және НАТО ұйымдастыратын операцияларға дайындалу, Альянс күші мен қаражатына жедел үйлесім табу.
Кезең аясында Казбриг» жетекшілігімен штаб бригадасы үшін дайындық өтеді. Бітімгерлік сценариі бойынша ол алты шетелдің штаб офицерлерімен бірге компьютер арқылы жүреді. Бақылаушы ретінде Америка Құрама Штаттарының, Біріккен Ұлыбритания және Солтсүтік Ирландия Корольдігі, Түркия Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері қатысады.
Дайындық қорытындысында НАТО мамандарымен «Жедел әлеует концепциясы» бадарламасымен 1-ші деңгей бойынша бағалау жүреді.