Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтар көлемі өсті

Үш жыл қатарынан атмосфераға шығарылып келген зиянды қалдықтарды қысқартудан кейін Қазақстанда бұ мәселе қайтадан көтерілді

2016 жылы ҚР-да қоршаған ортаны ластау деңгейі 4 пайызға өскен. Мұнымен қоса мемлекет шығаруға болатын норманы 14 пайызға өсірген, деп хабарлайды Ranking.kz сайты.

2016 жылы зиянды шығарылым көлемі 2,3 млн тоннаны құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға жоғары. Аталған өсім алдыңғы 3 жыл қатарынан мемлекет пен бизнестің қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге тырысуын жоқ етті.

Естеріңізге саламыз, 2013-2015 жылдары атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемі 8,6 пайызға қысқартылды.

Былтырғы жылы зиынды қалдықтарды шығару көлемі белгіленген нормамен бірге айтарлықтай өскен. 2016 жылы мемлекет зиянды қалдықтарды шығару лимитін 4,7 млн тонна деп көрсеткен. 2015 жылмен салыстырғанда шығаруға болатын норма 13,6 пайызға өскен. Осылайша, ҚР-да қоршаған ортаны ластайтын ұйымдар 2015 жылға лайықты 53,2 пайыздың орнына 48,8 пайыз нормативті орындаған.

Атмосфера ластануының деңгейі Атырау облысында қатты байқалған – 2016 жылы шығарылу көлемі 56,4 мың тоннаға жеткен.

Следующая →