Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан тас жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысында аталмыш шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін, ауаның температурасы 25оС болған жағдайда сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін әрекет етеді

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің сайтында хабарланғандай, Жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтады, бұл автомобиль жолдарының тозуына соқтырады.

Осыған орай, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығымен жыл сайын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына әр білікке түсетін салмақтары бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл ретте, ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылдың 1-маусымынан 31-тамызына дейінгі мерзім аралығында аталған іс-шара шеңберінде ауыр салмақты автокөліктерді бақылауды әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салады.

Аталған шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС жоғары болған жағдайда сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін, ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС болған жағдайда сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін әрекет етеді.

Следующая →