Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ипотекаға пәтер алу жеңілдей түсті

Еліміздің 6 аймағында жеңілдікпен ипотекаға пәтер алу бағдарламасы бастау алды. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді

Министрдің сөзіне сүйенсек, жеңілдетілген ипотеканы Қазақстанда жылына орта есеппен сегіз мың адам алуы мүмкін.

- Бұл бағдарлама Астана, Алматы қалалары мен ШҚО, БҚО, Маңғыстау және Ақмола облыстарының тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Қазіргі таңда жеті банк аталмыш бағдарламаға қатысуға әзір, - деді ҚР Үкіметінің отырысы барысында ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Министр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша халық жаңа баспанаға қол жеткізуі үшін Ұлттық қордан 10 млрд теңге бөлінгендігін де еске салды.

Жеңілдетілген бағдарламаға қатысуға келіскен банктердің қатарында АТФ банкі, Bank RBK, Цеснабанк, Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі, Tengri Bank және ЦентрКредит банктері бар. Олардың төртеуі ағымдағы жылы 30 млрд теңгеге 2000 қарыз беруді болжап отыр. Қарыз сомасы Астана мен Алматы қалаларында 20 млн теңгеден, ал өзге өңірлерде 15 млн теңгеден аспауы қажет. Айта кетейік, жеңілдетілген ипотека алу үшін 30 пайыз көлемінде алғашқы жарна төленуі міндетті.

Авторы: Азамат Нұрболатұлы

Следующая →