Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Банкрот кәсіпорындар жалақыны қашан өтейді?

Облыстың 15 кәсіпорны өзінің 747 жұмысшысына 250 млн теңге шамасында қарыз. Оның ішінде 12 кәсіпорын өзін банкрот деп жариялаған

Кәсіпорындардың көпшілігі банкрот болғандықтан, жұмысшыларының жалақысын төлей алмай отыр. Мұндай кәсіпорындардың қатарына Ұлан ауданындағы «Белогорстрой» ЖШС, Өскемен қаласындағы «Востокпромэлектромонтаж» ЖШС, «Лик-ЗПКИ» ЖШС тәрізді үлкен кәсіпорындар да бар. «Промэлектромонтаж» кәсіпорны 140 жұмысшысына 68 млн теңге қарыз болса, түсті металдарды өндірумен айналысатын «Белогорстрой» кәсіпорны 2015 жылдан бері 89 жұмысшысына 40,6 млн теңге қарыз болған.

Ал банкрот болмаған, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты есептесе алмай отырған кәсіпорындардың саны - үшеу. «Лик-ЗПКИ» 136 жұмысшысына 21,1 млн теңге, ал «Тасқара» ЖШС-ы 236 қызметкеріне 22 млн теңге, «777 және К» ЖШС-ы 16 қызметкеріне 32 млн теңге шамасында қаражат борыш. Бұл кәсіпорындарда барлығы 388 жұмысшы еңбек еткен.

- Жарты жылдың ішінде облыс прокуратурасы 368,6 млн теңге көлеміндегі берешекті қайтарды. 12 кәсіпорынның берешегі жойылды. 5042 жұмысшының жалақысы өтелді, - дейді ШҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры Қаныш Матаев.

Ал мемлекеттік еңбек инспекторлары бес айдың ішінде облыстағы 1042 жұмысшының еңбекақысының өтелмегендігі анықтады. Оларға кәсіпорындар 273,3 млн теңге сомасында берешек көрінеді.

- Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұмысшылар алдындағы еңбекақы берешегі толығымен өтелді, - дейді облыстық еңбек инспекциясы бақармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

Облыс прокуратурасы қарыз кәсіпорындар жалақыны қайтарудан бас тартпағандығын айтып отыр. Алайда банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың берешегін толықтай қашан қайтаратындығы белгісіз. Банкрот болған кәсіпорындардың барлығы 359 жұмысшыға 153,4 млн теңге қарыз.

- Банкротқа ұшыраған кәсіпорындар бағалаудан өтіп, ірі кәсіпорындар сатылымға қойылады. Бағалаудың өзі үш жылға созылады. Содан кейін сауда-саттық кезеңі басталады. Алайда олардың қай уақытта сатылатындығы бәрімізге белгісіз. Мәселен, 40 млн теңге қарыз болған «Шығысмашзауыт» кәсіпорны жұмысшылары жеті жылдан кейін ғана еңбекақыларын алған. Кәсіпорын осыдан екі ай бұрын берешегін толықтай өтеген болатын, - дейді облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер.

Соған қарағанда, 400-ге жуық жұмысшыға өз жалақыларын ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Дегенмен, облыс прокуратурасы қарызы өтелмеген жұмысшылардың барлығы өзге кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс жасап жүргендігін айтады.

2016 жылы ШҚО прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде облыстағы 13 859 жұмысшыға 1 млрд 17 млн теңге сомасындағы қарыз қайтарылған.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →