Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Казцинк» кәсіпорнының құрылғанына 20 жыл

Облыстың ғана емес, республиканың экономикалық дамуына негіз болып отырған «Казцинк» кәсіпорнының құрылғанына биыл 20 жыл

Соған орай, кен өндіру кәсіпорны футбол стадионында үлкен концерт ұйымдастырып, қала тұрғындарын мерекелік шарасына қонақ етті.

Мерекелік көңіл-күй театрландырылған көрсетілімнен басталды. Көрсетілімде 18 ғасырдың соңында І Петрдің тапсырмасымен кен орнын іздеуге аттанған Герасим Зырянның Шығыс өңірінде қалай полиметалл кенін тапқаны баяндалады. Он сегізінші ғасырдың киімін киіп, кемеге отырған матрос сарбаздар мен атқа қонған офицерлер, кен жұмысшылары қала тұрғындарының көңілінен шықты. Көбі суретке түсіріп, бейнежазба жасап жатты.

«Казцинк» кәсіпорны 1997 жылы ашылған болатын. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын жылына 300 мың тонна мырыш, 100 мың тонна қорғасын, 600 тонна мыс, 520 мың унция алтын мен 4,5 млн унция күміс өндіреді. Бес жылдың ішінде әлеуметтік жобаларға 30 млрд теңге қаражат бөлінген.

- Бұл сандардың барлығы адам еңбегімен салыстырғанда түк емес. Кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары 20 жылдың ішінде 3 млрд жұмыс сағатын еңбекке жұмсаған екен, - дейді «Казцинк Холдингі» директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович. - Біз 1997 жылдан бері 4 рет әлемдік экономикалық дағдарысты бастан кешірдік. Компания енді ғана құрылған кезде 1998 жылы Азия экономикалық дағдарысы басталған болатын. Біз сол жылы ғана шығынға ұшырадық. Ал қалған жылдары тек жетістікті ұлғайтумен ғана болдық. Ендігі мақсатымыз - екі жүз жыл еңбек ету.

Мерекелік шара марапаттаусыз өткен бе?! Сахнаға кәсіпорынның үздік қызметкерлері мен бөлімдері, спорттық шара жеңімпаздары шақырылып, ықыласқа бөленді. Сахнаның төрінде кәсіпорынның 20 мың жұмыскері қатысқан ұтыс ойыны ұйымдастырылып, «Киа» автокөлігі ойнатылды. Риддер қаласындағы кәсіпорын лаборанты Светлана Владимировна Өскемен машина зауытынан шыққан су жаңа автокөліктің иесі атанды.

Сахнаға Қазақстан эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас шыққан сәтте отырған жұрт үре түрегеліп, сахнаға қарай ұмтылды. Әншімен бірге ән салып, кең стадионды би алаңына айналдырды. Ал еуродиско әндердің культі, аты аңызға айналған «Мираж» тобы қала тұрғындарына 90-жылдардың естеліктерін сыйлады.

Концерттің соңында ұйымдастырылған от шашу қаланың түкпір-түкпіріне естіліп жатты.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →