Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Табысыңыз тұрмысыңызға жете ме?

Орташа жан басына шаққандағы ақша табысының шамасы бойынша республика ішінде біздің облыс кему шәкілінде сегізінші орында тұр

Айта кету керек, ақшалай табыстың ең төменгі шамасы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына келеді. Ал бұл көрсеткіш бойынша жетекші орында Атырау облысы, Астана және Алматы халқы.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шығысқазақстандықтың ең төменгі күнкөрісі 22576 теңгеге бағаланды. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының шамасы тұтыну қоржынының құнынан 2,9 есеге асып түсті.

- Шығыс Қазақстан халқының 2017 жылғы бірінші тоқсандағы орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 65555 теңгені құрады. Бұл республика бойынша тұтас алғанда 12,9 %-ға төмен. Дегенмен, былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда облыс халқының орташа табысы биыл 11,7 %-ға артқан, - дейді Баға статистикасы басқармасының басшысы Людмила Калошина. - Жыл ішінде облыс тұрғыны үшін тұтыну қоржыны 9,9 пайызға қымбаттады. Облыстың үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша ағымдағы жылдың бір айына орташа алғанда шығысқазақстандық жанұяның жиынтық ақшалай табысы 137780 теңгені құрады.

Статистика департаментінің ақпаратына сүйенсек, бір айға алғанда орташа жанұяның жиынтық ақшалай шығыны 139752 теңге мөлшерінде қалыптасты. Соның ішінде тұтынушылық шығынға 90,8 %, туған-туысқандарға, таныстарға материалдық көмек көрсету және алименттер төлеуге 2,9 %, несиені және қарызды өтеуге 6,1 %, жергілікті салықтарға және өзге де төлемдерге 0,2 %-дан келді.

Людмила Калошинаның деректерінде орташа шығысқазақстандықтар жалақысының жұмасалу реті анық көрсетіледі. Бұл ретте жоғарыда аталған азық-түліктік емес тауарлардың статистикалық көрсеткішіне тоқталуды жөн көрдік. Анықталғандай, биыл азық бағасынан өзге, көптеген салалардағы қызмет, мүліктік, меншіктік дүниелер қымбатшылық көрген.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында ең үлкен қарқынмен жанар-жағармайдың бағасы өскені белгілі. Оның ішінде А-92 және А-95 маркалы бензин сәйкесінше 7,2 және 7,7%, ал дизельді отын 4,8%-ға қымбаттаған.

- Үй шаруасына арналған тауарлар ішінен басқаларға қарағанда тұрмыстық техника 2,2%-ға қымбаттады, - дейді Үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының басшысы Снежана Веригина. - 2017 жылғы қаңтар-маусым айларында көлік құралдары бағасының 4,5%-ға өскені байқалды. Оның ішінде импорттық өндірістегі автомобильдер 3,7%, отандық құрастырылмдағы көліктер 5,7%-ға өскен. ТМД мемлекеттерінде өндірілген автомобильдер 3,7%-ға қымбаттай түсті.

Қымбаттау құрылыс материалдарын да айналып өтпеген, оның ішінде цемент 9,7%-ға, түсқағаздар 3,8%, сырлы кірпіш 3,3%-ға қымбаттады. Сол сияқты, инфляциялық үрдістер ақылы қызметтер саласында да байқалған.

- Қаңтарда тұрғын-үй коммуналдық қызметтерден домофонды пайдалану үшін төлемақы 3,5%-ға өсті. Ақпан айында облыс орталығы тұрғындарының ыстық су және орталықтандырылған жылыту үшін жасалатын төлемі 8,9%-ға, Семей қаласында 3%-ға өсті. Маусымда Семей қаласының тұрғындары үшін суық суға төлем 4,8%, кәріз жүйесін пайдалану үшін төлем 4,3%-ға артты, - дейді Снежана Александровна. - Жыл басынан бері денсаулық сақтау саласындағы бағалар және тарифтердің жыл сайынғы өсу үрдісі жалғасы. Дәрігердің алғашқы қабылдауы 6,6 %-ға, амбулаториядағы дәрігер мамандардың қызметі 3%-ға, стоматолог-хирургтер қызметі 2,7%, медициналық зертханалар қызметі 5,8%-ға қымбаттай түсті. Санаторийлерде денсаулықты жақсарту бұрынғыға қарағанда 2,6%-ға қымбаттады.

Көлік қызметтері қала маңына қатынайтын пойыз билетінің құны 2,9%, ұшақ билетінің құны 11,2%-ға өскен. Бұл ретте автобус жолының төлемі қымбаттағаны белгілі.

Биыл Шығыс Қазақстанның тұтыну нарығында осындай баға жағдайы қалыптасқан көрінеді. Бұл ретте «жалақы тұрмысақыны қуып жете ме?» деген сұрақ еріксіз туындайды.

Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →