Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алпыстан астам металлург марапатталды

Шілденің үшінші сенбісінде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны Жарма ауданының Әуезов кентінде Металлургтер күнін атап өтті

Әуезов кентінде өткізілген концерттік шара ауыл тұрғындары мен кен орны жұмысшылары үшін үлкен мереке болды.

Металлургтер күні - шығысқазақстандықтарға аса маңызды мейрам. Өйткені ел аймақтары арасында тұңғыш болып Шығыс Қазақстан, Зырян-Риддер өңірінде тау-кен орындары ашылған болатын.

- Осыдан 200 жыл бұрын Зырян кенішінде алғаш рет кен өндірілгені белгілі. Бұрынғы Лениногорск, қазіргі Риддер өңірі Кеңес Одағы үшін де, қазіргі Қазақстан үшін де елдің мақтанышына айналған өнеркәсіп саласы болды. Сондықтан Шығыс өңірі бұл - кеншілер мен металлургтердің өлкесі, - деді марапат барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Мерекелік шара кезінде «Полиметалл» компаниясы 60-тан астам қызметкері мен жұмысшыларын және білім гранты жеңімпаздарын марапаттады. Оның ішінде үш қызметкер Қазақстанда тау-кен өндіру саласын дамытқаны үшін ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен, бес қызметкер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталса, қалған елуден астам қызметкер кәсіпорынның дамуына үлес қосып, адал еңбек еткені үшін марапатталды.

- Бүгін марапатталып отырған жандардың барлығы үлкен құрметке лайық, абыройлы еңбек иелері. Металлургтің өмірге әкелер өнімі - металл. Ал металл құрамындағы әр грамм әрбір қызметкердің еңбегі мен маңдай терінің арқасында құралады, - дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Юрий Овчинников. - Сахнада құрмет көрсетілген қызметкерлердің барлығын да танимын.

Аталмыш кен өндіру кәсіпорны жыл сайын мектеп түлектеріне арнайы білім беру гранттарын бөледі. Бұған дейін кен орны 23 студентті тегін білім беру жолдамасымен қамтамасыз еткен болатын. Биыл олардың саны - төртеу.

- Грантты жеңіп алу үшін металлург мамандығы тақырыбына шығарма жазып және қажетті құжаттарды тапсыру керек болатын. Мен металлург болғым келеді. Сондықтан болса керек, шығармамды жоғары бағалап және тапсырған құжаттар толықтай қаралып тегін білім алу грантына ие болдым. Өскемен қаласындағы ЖОО-да оқу ойымда бар, - дейді жас түлек Руслан Хрущев.

Марапаттаудың соңы үлкен концертке ұласты. Сахнада халық әншісі Гүлбаршын Тергеубекова, Санкт-Петербург қаласынан келген «Поющие гитары» ансамблі, Алматы мен Мәскеудегі қазақстандық эстрада жұлдыздары «The jigits» тобы өнер көрсетті.

- 2002 жылдан бері металлург мамандығы бойынша еңбек етіп келемін. Яғни, 15 жыл болды. Ал «Полиметалл» кен орнында жұмыс істегеніме үш жыл болды. Жалпы, кәсіпорын мерекеден құр қалмайды. Мәдени және спорттық шараларды жиі өткізеді. Металлургтер күнін осымен үшінші жыл атап өтіп отыр. Одан бөлек, шахтерлер күнін де атап өтеді. Мерекеге байланысты маған сыйақы да табыс етілді, - дейді кен орнының жұмысшысы Ернес Мұхамадиев.

Концерттің соңы би кешімен, үлкен от шашумен жалғасын тапты.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →