Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі салынып жатқан құрылыстардың кесірінен адамдар жарықсыз отыр

Өскеменнің 19-мөлтекауданында жарық жиі сөнеді. Электр жарығының жиі өшуі үш жыл бойы жалғасып келе жатқан әдетке айналған құбылыс көрінеді

Жарықтың жиі өшірілуі аудан тұрғындары үшін өте ыңғайсыз болып отыр. Көкжал Барақ көшесінің тұрғындары азық-түліктерімізді туған-туыстардың үйінде сақтаймыз дейді.

- Жарық үш жылдан бері жиі өшетін болды, - дейді Көкжал Барақ көшесіне қарасты 22/1-үйінің тұрғыны Иван Попов. - Мен жалғыз тұрамын. Зағип жанмын. Сенбі сайын қызым келіп, бір аптаға жететіндей етіп тамақ дайындап кетеді. Алайда бәрі зая. Тамақ ашып кетеді. Қызымның үйіне барып жуынып-шайынуға, тамақтануға, радио тыңдауға тура келеді. Техникалар сынып жатыр. Бұл не бассыздық? «Шығыс Қазақстан Аймақтық энергетикалық компания» ұйымына хабарластым. Олар бұл біздің балансымыздағы нысан емес деп қашады. Ал анау салынып жатқан құрылыс нысандарында жарықтың өшірілгенін көрген емеспін.

Жағдайды анықтау үшін қалалық әкімдікке хабарласқан едік. Әкімдіктің баспасөз қызметі аталмыш ауданды «Экспертиза және Аналитика» ЖШС жарықпен қамтамасыз ететіндігін айтты.

- Бұл аудандағы жарықтың жиі сөнуі құрылыс жұмыстарымен байланысты. Кейде электр кабельдері бүлінеді. Оның үстіне, электр кабельдерін біреулер ұрламақ та болған, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Әсел Қайратбек.

Аудандағы үйлердің қашан ШҚ Аймақтық энергетикалық компанияның балансына қашан өтеді, ол жағы белгісіз. Ал әзірше тұрғындар тек туған-туыстарының ғана көмегіне жүгіне алады. 

Следующая →