Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Осиновский асуындағы жол әлі жөнделмеген

Биыл Осиновский асуындағы бұралаң тау жолында жөндеу жұмыстары басталу керек болатын. Алайда жаздың ортасы болды, әлі жөндеу жұмыстары аяқталмаған

Өскемен-Зырян тас жолында орналасқан, бәрі білетін әрі облысымыздағы ең қиын, апатты жол телімі былтырдан бері кеңейтіліп жөнделеді деп жоспарланып келген. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов осы жылы Осиновский асуындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарының жүргізіліп, толықтай аяқталатындығын айтқан болатын. Алайда кезекті жиналыста аймақ басшысы аталмыш шағын жолдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілмей жатқандығына назар аударды.

- Бұл жолды қайта қалпына келтіруді былтырғы жылы бастағанбыз. Бірақ әлі нәтижесіз. Бұған басшылық тарапынан техникалық бақылаудың жоқтығы себеп, - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің ойынша, бұл шағын ғана жол учаскесі болғанымен, Шығыс жұртшылығы үшін үлкен әлеуметтік маңызы бар жол саналады. Өйткені, дәл осы жол арқылы мыңдаған адамдар Бұқтырма су қоймасына, Көгілдір бұғаз демалыс орнына барады.

- Ал «Қазавтожол ҰК» АҚ болса, Өскемен қаласында асфальт таусылып қалды деп қолапайсыз себеп айтып отыр. Бұл дегеніміз жай ғана сылтау ғой. Әкімдік тарапынан бақылау орнату арқылы құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізуіміз қажет, - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі осыдан бір ай бұрын Өскеменнен Сібе көліне баратын жолға 1 млрд теңге бөлінгенін, алайда жөндеу жұмыстарының аяқталмағанын айтқан болатын. Содан бері Ұлан ауданының басшылығы аз ғана уақыттың ішінде жөнделмеген жолдың жартысына жөндеу жүргізіп, Шалқар көлінде жағажай ашқан болатын.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →