Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Семейлік тасымалдаушылар қызметіне халық наразы

Семей тұрғындары үшін маршруттың уақытында жүріп-тұруы қашанда үлкен мәселе болатын. Бір автобусты күтуге бір сағат уақыт кететін еді

Осындай жауапсыздықпен айналысқан тасымалдаушы компания сот үкімімен 3 маршрутқа қызмет етуден босатылды.

Семей қаласында ұзақ жылдар бойы жолаушылар тасымалымен айналысқан «Семавтопарк» ЖШС көлік заңнамасында көрсетілген міндеттерін орындамаған. Сондықтан №5, 37 және 45 маршруттарға қызмет етуін тоқтатқан. Бұл машруттардың барлығы қаланың бір шеті мен екінші шетін жалғастыратын, үлкен қашықтықтарға жүретін автобустар болатын.

«Семавтопарк» аталмыш маршруттарға қызмет етуге 2013 жылы «жалданған». Қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі бұл компаниямен 5 жылға келісімшартқа отырған. Келісімшарт мерзімі 2018 жылдың 1 тамызына дейін созылуы тиіс еді. Алайда жолаушылар бөліміне тұрғындардан аталған маршруттардың қызметіне қатысты көп шағым келіп түскен. Оның үстіне, бөлім 2016 жылы қазан айында қала маршруттарының график бойынша жүруін қадағалап отыратын диспетчерлік бағдарламаны іске қосқан.

- Бұл бағдарлама маршруттардың жүйелі жүруін бақылап, оған ай сайын сараптама жасап отырады. Ал жоғарыда аталған маршруттардың тұрақтылығы төмен көрсеткіштерді көрсеткендіктен, «Семавтопарк» ЖШС-на бірнеше рет ескерту жасаған болатынбыз. Алайда ескерту тиісті түрде орындалмады. Сондықтан сотқа талап арыз түсірдік, - дейді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.

Әдетте, бір айдағы маршрут тұрақтылығының көрсеткіші 80%-дан төмен болмауы тиіс болатын. Ал №37 маршруттың тұрақтылығы 10-30% арасында, №45 маршрут 42-50%, №5 маршрут 70-80% аралығында ғана болған.

Ал облыстық аймақаралық экономикалық сот қалалық жолаушылар тасымалы бөлімінің арызын қанағаттандырып, 2017 жылы 13 маусым күні компанияның №5, 37 және 45 маршруттарына қызмет етуін тоқтату туралы үкім шығарған. Дегенмен, тасымалдаушы бұл үкіммен келіспей, облыстық аппеляциялық сотқа шағымданған. Ал облыстық сот болса, компанияның бұл аппеляциялық шағымын қанағаттандырмай, экономикалық соттың шешімін дұрыс деп таныған.

Соған байланысты «Семавтопарк» ЖШС-мен жасалған №19 келісімшарт бұзылған. Қазіргі таңда тасымалдау қызметімен айналысатын өзге компаниялармен шарт жасасу көзделіп отыр. Ал аталмыш маршруттармен уақытша басқа жеке кәсіпкер тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытта тендерге қатысуға ресми байқау жарияланған.


Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →