2020 жылы Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы болады
ҚР СІМ орынбасары Роман Василенконың мәлімдеуінше, 2020 жылға қарай ТМД-ның мәдени астанасы болады
- Біз 2020 жылы Бірлестіктің мәдени астанасы деп Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, көп жылдық тарихы бар Шымкент қаласын таңдауды ұсындық, - деді Роман Василенко Астанада өткен Халықаралық ассамблея астанасы мен ірі қалаларының XXV сессиясында.
Оның айтуынша, Бірлестіктің 2012 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Мәдени астаналар» мемлекетаралық бағдарламасы кейбір қалалардың мүмкіндіктерін ашуға септігін тигізіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Әр жылдары Астана мен Алматы қалалары да ТМД-ның мәдени астанасы атанған болатын.
Шымкенттің халық саны 1 млн-ға жетіп қалды.