Астаналық еріктілер испан турисіне үйге қайтуға қолғабыс еткен
Испания азаматы Ақтау қаласында төлқұжатын жоғалтып алған, Астана қаласына әрең жеткен
Қазақстанға қыдырып келген Испания азаматы қиын жағдайға тап болған. Астанаға әрең жеткен Испаниялық туристі елорда полицейлері заңға сәйкес ІІД департаменті пунктінде орналастырып, ас-сумен қамтамасыз еткен.
Еріктілер оны «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ-не орналастырған. Ал «Қадір-қасиет» ҚБ заң бөлімінің қызметкерлері оған көші-қон бойынша БҰҰ агенттігінің қолдауымен төлқұжатын қалпына келтіруге көмектескен.
Шетелдік саяхатшы қазіргі уақытта еліне қайтып үлгерген.
Следующая →