ЭКСПО-2017 көрмесіне облыстан 21 мың адам барған
Облысымыздан "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіне барып жатқан адамдар саны аз. Бұл жайында кеңейтілген аппарат отырысы барысында облыс әкімі айтты
Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі басталғаннан бері облысымыздан бір айдың ішінде 21 мың адам көрмені тамашалауға барған.
Ал облыста барлығы 77 929 билет сатып алынған. Облыс әкімінің ойынша, ЭКСПО-ға кіру билеттері де әлі көбейеді. Қазіргі уақытта Халықаралық көрмені көруге барлығы 630 мыңнан астам адам келген.
- Маусым айында облысымыздан 21 мың адам көрмені тамашалауға барған. Бұл, әрине, аз. Шілде айында 27 мың адам, ал тамыз айында 28 мың адам, қыркүйек айында тағы бірнеше мың адам Астанадағы Халықаралық көрмені тамашалауға жіберілу жоспарда, - деді Даниал Ахметов.
Сонда облысымыздан әлемдік көрмеге үш айдың ішінде небәрі 80 мыңнан астам адам барады екен. Облыс әкімінің ойынша, бұл сан өте аз. Өйткені екі айдың өзінде 80 мың адам көрмеге бару керек болатын.
Сол себепті облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын кеңірек жүргізуін тапсырып отыр.
Следующая →

Қымбат Слямбеков
Тақырыптар: