Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада балаларға арналған ҚР Президенті туралы кітап жарық көрді

Астанада Оқушылар сарайында Ұлт көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітаптың тұсауы кесілді

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Елбасы туралы, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары мен КТУ білім алушылары үшін дайын оқу құралы болып табылатын алғашқы кітап, деп жазады «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарлама сайтында.

Кітап авторы – Ресей Федерациясының еңбегі сіңген өнер қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Александрович Зенькович. Сондай-ақ, ол белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси көшбасшылар және тарихты өзгерткен өзге де бірегей тарихи тұлғалар туралы 30-дан астам кітаптың авторы.

«Кітап өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді. Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген кітаптар жазылып, олар әлемнің әр түрлі елдерінде жарық көрген. Бұл қазіргі заманда өзін ғана емес, сонымен қатар барлық әлемді де өзгерткен ұлы тұлғаның өмір жолы туралы балаларға арналған алғашқы кітап болуымен ерекшеленеді. Жаңа буын біздің ұрпақтан кем емес, олар өзгеше, сондықтан оларға Елбасының өмірі мен қызметі жайында да өзгеше жеткізу керек. Олар осы сюжет желісіне арқау болған Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі негізгі оқиғалар жайында жаңадан оқып біледі. Бұл реферат, монографиялар тәрізді емес, оны балаларға қызықты болатындай етіп жазуға тырыстым», - деп бөлісті кітап авторы.

Іс-шараға Бас редакторлар клубының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, жетекші жастар ұйымдарының өкілдері, НЗМ, «Білім-Инновация» лицейінің оқытушылары және басқалары қатысты.

 

Следующая →