Астанада мотоцикл жүргізушілеріне «қатты айдағаны» үшін айыппұл салынады
Астанада 11 мотоцикл жүргізушісі мен 2 скутер жүргізушісі «темір тұлпарсыз» қалды
Астана әкімдігінің сайты хабарлағандай, 30 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада мотоцикл жүргізушілеріне қатысты 31 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Қала басшысы Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі көлік жүргізушілері арасында тәртіпті сақтау және тыныштықты бұзудың алдын алу бойынша шараларды күшейтті. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары жол көлік оқиғаларын азайту үшін үнемі рейдтер жүргізіп тұрады.
Мәселен, мотоцикл жүргізушілері арасында негізгі құқықбұзушылық ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 612 бабы бойынша орын алады. Атап айтар болсақ, көлік құралын құжатсыз басқару немесе басқаруға құқығы жоқ (А санаты жоқ) жағдайға қатысты 14 заң бұзушы анықталған.
ҚР ӘҚК 9 тармағы 590 бабына сәйкес «Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу», техникалық тексеріссіз – 5 құқық бұзушы. ҚР ӘҚК 601 бабы бойынша «Жол белгілерінде көрсетілген талаптарды немесе жолдың жүргін бөлігіндегі белгіні сақтамау» - 3 бұзушы және т.б.