Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +32°
$
459.75
+1.77
494.14
+3.28
¥
63.35
+0.23
5.54
+0.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Black and White" Металлургтер сарайында өнер көрсетті

Керибаева Айжан мен Мирас Көккөзовтың ұйымдастыруымен құрылған “Black and White” облыс орталығында екінші рет өнер көрсетіп отыр

Алғаш «Ақ ниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептің ашылуында қайырымдылық концертімен жарқ еткен бұл топ мүшелері шығармашылық концерттің аяқалды ісін бастап келеді.

- Негізі алты жасымнан бастап фортепианода ойнай бастағанмын, міне бұл аспапта ойнап жүргеніме 20 жылдан асты. Бұл топта аспапта ойнайтын мен ғана, - дейді Айжан Керибаева. - Топтың атын "Black and White" деп таңдадық. Қазіргі таңда "рэп" жанрындағы әндерді жаман деп бағалап жатады. Сол сияқты "кей-поп" жанрын да көптеген адамдар жақтырмай жатады. Міне, бұл топ орындайтын әндердің "қара" жағы. Ал «ақ» жағы деген қоғамның сүйіспеншілігіндегі "классика". Алғаш халық назарына "Ақ ниет" мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептің ашылуында өнер көрсеткенде "классиканы" басым етіп ұсындық.

Бұл топтың құрамы ауқымды келеді. "Black and White" қазіргі таңдағы ән мен музыка өнеріндегі көптеген жаңа салалардың басын біріктіріп отыр. Аясы кең топта 15-20 адам ән орындайды. Кейбірі топ болып, кейбірі жалғыз орындап, қазіргі таңдағы жаңа бағыттардың бәрін қамти алды. Шынын айту керек, концерт «Жан» атты орындаушының "bitbox"-ы ерекше қабыл алынды.

- Біздің топтағы кейбір әншілерді халық танып алған. Ал кейбірі енді көрініп келеді. "Black and White" үш стильде ән орындайды, - дейді Мирас Көккөзов. - Бірінші бағыт "қазақша рэп", екінші "кей-поп" және үшінші "музыкалық аспапта" өнер көрсетеді. Міне, бұл топ осы үш жанрды біріктіріп отыр.

Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды топты басқарудың қиыншылығын да мойындайды. Дегенмен, кез келген жаңашылдық қиындықтан өту керек, тек сол кезде халық оны қабылдай алады. "Black and White" бұл жолда тайынбай, енді, Шығыс өңірінің түкпір-түкпірінде өнер көрсетпек.

Авторы: Аягөз Қажымұратова

Следующая →