Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үлкен жүректі ұлы дәрігерлер

Бүгінгі хирургтер бұрын мүмкін емес деген нәрселерді жүзеге асыруда. Бір ғана жүректі ауыстыру отасының өзін мысал ретінде айтса да болады

Бірақ, қандай жағдай болмасын ота – ішкі ағзаға араласу болып саналады. Ал ішкі ағзаның сыртқы ортамен байланысы табиғатта қарастырылмаған.

Сол себепті біз тері қабатымен қорғалғанбыз. Осыдан кесіктер мен асқынуларға табиғи реакциялар туындайды. Тіпті, инфекция түспегеннің өзінде асқынудың екінші түрі – терінің жабысып қалуы ықтимал. Былай қарағанда қотырланған тері болып көрінгенімен функционалдық бұзылулар, ауырсыну синдромы себебінен науқастардың өміріне ұзақ уақыт бойы кері әсер ететін елеулі салдары бар. Дәл осы кезде хирургияда эндовидеохирургия технологиясы нағыз «төңкеріс» жасады.


                                            Жаңа мүмкіндіктер

Оның мәні өте қарапайым - кішкентай тілікке (екі сантиметр) бейнекамера және хирургиялық құралдар енгізіледі. Осылайша дәрігер монитор экранына қарап, микроқұралдармен басқару арқылы ота жасайды.

- Біраз ғана ішке ену арқылы жасалатын оталар – адам ағзасына әсері аз оталардың бір түрі болып есептеледі, - дейді облыстық ауруханадағы бас дәрігердің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Борис Галич. - Кішкентай тіліктің косметикалық маңызы да зор. Сондай-ақ, ағзалардың бір-біріне жабысып қалу, қосылып қалу үрдісі де төмендейді. Ота жасау уақыты да, оңалту кезеңі де қысқарады. Сонымен қатар, отадан кейінгі ауырсыну синдромы да төмендейді. Себебі, ауырсыну дененің беткі бөлігі ғана ауырсынады, өйткені рецепторлардың көп бөлігі дене бетінде орналасқан. Жалпы алып қарасақ, адам ағзасына кішкентай ғана «жарамен» күрескен жеңіл.

Әрине, «ашық ота» талап етілетін жағдайлар әлі де бар. Бірақ біз бүгін ішкі ағзаларға отаны дәл осы эндовидеохирургия технологиясымен жасауға мүмкіндік мол кезеңдеміз.


                                               Жаңа бөлім ашылды

Облыстық ауруханада эндовидеохирургия бірнеше жыл қатарынан даму үстінде. Науқастарға жақсы құрал-жабдықтар мен сапалы қызмет көрсету үшін ақ халаттылар ерекше шешімге келген. Олар оталардың жасалу аймағы бойынша емес, жасалу технологиясы бойынша біріктірілетін хирургиялық бөлім ашқан. Міне, жарты жыл бұрын эндовидеохирургия бөлімі пайда болған. Ол - болашақ ауруханасының үлгісі.

Мұнда бәрі басқаша. Сізді жылы қарсы алатын тіркеу орнынан бастап, ең үздіктердің ішінен таңдап алынған медбикелер жұмысы да жоғары деңгейде. Ауруханадағы езгі сезім де болмайды: оталардан кейінгі түтікшелер, оталардан кейінгі жағдайы ауыр науқастарды да көрмейсіз. Себебі, науқастар отадан кейін 2-3 күн ішінде аяқтарына нық тұрып кетеді. Орташа есептегенде науқастар стационарда 3-4 күн болады. Сол себепті бөлімнің 20 төсегінде бір айдың ішінде 100-ге жуық науқас ем қабылдап шығады. Бұл жұмыс істейтін азаматтар үшін үшін тиімді. Өйткені жұмыстан босатылып, ұзақ уақыт емделудің қажеті жоқ.

Стационар жағдайы да өте жоғары деңгейде. Вайфай, кондиционер, теледидар, тоңазытқыш, келушілерге арналған кресло, жаңа сантехника және душ – барлығы қарастырылған. Науқастар жататын бөлме көп дегенде екі адамға есептелінген. Немесе, эконом нұсқасын таңдауға болады. Яғни, емделушілерге барлық жағдай жасалған. Бұл ретте барлық эндовидеооталар бағасы бұрынғыдай. Тек науқастар жататын бөлме құны аздап қымбаттаған.

- Мұнда жоғары санатты дәрігерлер, сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары ота жасайды, - дейді бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Сергей Джабыкпаев. - Атап айтқанда, жетекші травматолог Сергей Павлович Карасев, облыстағы бас хирург Марат Тыштыкпаевич Башабаев, бас гинеколог Удалова Наталья Михайловна. Бұл ақ халаттылардың үлкен тәжірибесі, еңбек өлімі бар және олар еңбек сіңірген дәрігерлер.

Сонымен қатар, аталған мекемеде тек қана облыстық аурухананың үздік мамандары ота жасамайды, сондай-ақ, бұнда олардың алматылық әріптестері де келіп еңбек етеді. Бір қызығы, эндовидеохирургия дәрігерлерге жаңа талап қояды. Ол – қашықтықтан әрекет ету. Егер де қарапайым хирургияда қолдың дағдысы маңызды болса, ал мұнда саусақ пен мидың өзара әрекеті бағалы. Дегенмен, емделушілер бұны аңғармайды. Әрине, оларға тез арада мүмкіндігінше күйзеліссіз сауығып кету ең басты мақсат.

- Біздің науқастар «біз бұндай аурухананы бірінші рет көріп отырмыз» дейді. Міне, жұма күні бізге Глубокоедан келген науқасты ауруханадан шығардық. Ол мұнда көрсетілген қызметке таңқалып кетті, - дейді Сергей Джабыкпаев.

Әрине, әрқашан ауқымды отаға қажеттілік болады. Бірақ, ол жыл өте қысқара береді. 


Авторы: Еркебұлан Өтей

Следующая →