«Нашақорлыққа жол жоқ» шарасы өтті
ШҚО бойынша КАЖ Департаменті ОВ-156/2 мекемесінің клубында «Answer» қоғамдық қорымен бірлескен «Біз нашақорлыққа қарсамыз» шарасы
Аталған шараны тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет капитаны Р.С. Тулеубаев ашты. Ол қазіргі заманғы нашақорлықтың қоғамға әкелер зияны туралы жазасын өтеушілерге жеткізіп, салауатты өмір сүру туралы пікірін айтты. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда нашақорлық мәселесіне қатысты өлең шумақтары және ақпараттар оқылды.
«Нашақорлыққа жол жоқ» шарасы соңында жазасын өтеушілер «Біз болашаққа нашақорлықсыз жетеміз» атты қабырға газеті байқауына орай өздері салған суреттерін қорғады.
Жалпы саны 30 жазасын өтеуші қатысқан шараның соңында «Answer» ҚҚ жазасын өтеушілерге өз жүлделерін табыс етіп, әрдайым қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Сондай-ақ, бұл күні мекемедегі спорт алаңында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған тартысқа 63 жазасын өтеуші қатысты. Халықаралық нашақорлықпен күресу күніне орай өткізілген шараларға белсенді қатысқандар мекеме бастығы атынан марапатталды.
Осындай шаралар сотталғандардың денсаулықтарын сақтап, салауатты және дұрыс өмір сүрүлеріне және білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі.
Р. Тулеубаев,
ОВ 156/2 мекемесі сотталғандар
арасында тәрбие жұмысы бөлімінің
бастығы, әділет капитаны