Қазақстан бойынша ҰБТ-ның қорытындысы шықты
Биылғы ҰБТ барысында тыйым салынған 85 мың зат табылған, олардың арасында шпаргалкалар да бар
ҰБТ бойынша орташа балл – 80,5 балды құрады.
- 74517 (84,1%) түлек шектік балды (50 балл) жинаған. 60-65 балды - 5 935 (7,9%), 66-119 балды - 52 717 (70,7%), 120–139 балды– 5 064 (6,8%) жинаған, - деп делінген баспасөз қызметінде.
Шектік балды 14066 адам ала алмаған.
Ең жоғарғы балды Алматы қаласының Саят Тасан оқушысы жинаған – 139 бал. Тағы да жеті бала 138 балды алған.
- ҰБТ тәртібін бұзған 12 түлек сынқтан шеттетілді. Тыйым салынған 85446 зат табылды, Оның ішінде 42 052 - қағаз шпаргалар, оқулықтар. 43 394 электронды заттар табылған.
Қазақстан бойынша ҰБТ-ға 88 мың 583 адам қатысқан.