Медициналық сақтандыру жайында не білеміз?
Шілденің бірінен бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қолданыла бастайды
Жұмыс беруші 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметкер жалақысының 1 пайызын медициналық сақтандыруға аударса, 2018 жылы 1,5%-ын, 2020 жылы 2%-ын, 2022 жылы 3%-ын аударатын болады. Жұмыскерлер 2019 жылдан бастап өз жалақысының 1%-ын медициналық сақтандыруға төлесе, 2020 жылы 2%-ын сақтандыру қорына аудармақ.
Алғашқы кезеңде жұмыс берушілер жұмысшылары үшін ақша аударатындықтан, бұл жұмысшының жалақысына әсер етпеуі тиіс. Егер заң талаптары орындалмаған жағдайда жұмысшылар салық органдарына шағымдана алады.
Медициналық сақтандыру дегеніміз - денсаулық сақтау саласындағы халықтың мүддесін қорғау түрі. Медициналық көмек қажет болғанда тұрғындар сақтандыру жүйесіне салған қаражатының негізінде ем қабылдайды. Тұрғындар ауырған, жарақат алған, жүктілік, бала туу кезінде және мүмкіндігі шектеулі жандар кез келген емдеу мекемесіне барып көмек алады.
- Мемлекеттік сақтандыру жүйесіне мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін, жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлері үшін ақша төлесе, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар өзі үшін қаражат құяды, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Шоранов.
Медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекет келесідей тұрғындар үшін қаражат құяды: балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр Ана» және І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгі иегерлері, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, жұмыссыз болып тіркелген адамдар, интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан балалар, студенттер, жүкті әйелдер мен үш жасқа толмаған бала күтімінде отырған аналар, зейнеткерлер, жазасын өтеп жатқан адамдар мен тергеу изоляторында ұсталған адамдар. Сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жарна төлемейді. Сондықтан жоғарыда атаған ел тұрғындары медицина қорына ешқандай ақша аудармайды әрі тегін медициналық көмек алады.
Одан бөлек, медициналық сақтандыру заңына өзгерістер енгізілген соң, сақтандыру қорына 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасап отырған жұмыс істемейтін азаматтар үшін, жұмыс істемейтін оралмандар үшін бір жыл бойы, ЖОО мен орта білім беру мекемелерін бітірген студенттер үшін үш ай бойы мемлекет ақша төлейтін болады.
Жұмыссыз жүрген адамдар жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелуі керек. Сонда ғана мемлекет ол үшін сақтандыру жүйесіне ақша төлейді.
- Егер азаматқа жарна аударылған болса, ол сақтандыру жүйесіне енген азамат болып саналады. Осылайша азамат ең төменгі жарна сомасын төлей отырып, медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді де тегін пайдалана алады, - дейді Марат Шоранов.
Медициналық сақтандыру жүйесіне енген азаматтар жедел медициналық көмек, профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті бақылау, дәрілерді беру, медбике күтімі, адам өміріне қауіп төндіретін аурулардан емдеу мен бақылау тәрізді медициналық қызметтерді ала алады.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызы бар ауруларға (қатерлі ісік, туберкулез, қант диабеті және т.б.) шұғыл медициналық көмек көрсету, жедел медициналық көмек пен профилактикалық вакцина жасау тәрізді қызмет түрлері тегін көрсетіледі.
Ал жарна төлемеген азаматтар 2020 жылдың қаңтарына дейін емханалық-амбулаторлық және стационарлық көмекті пайдалана алады. Ал 2020 жылдан бастап жарнама төлемегендер тек шұғыл медициналық көмек пен әлеуметтік маңызы бар ем жасайтын кепілдендірілген тегін медициналық көмек түрлерін ғана алады.
Медициналық сақтандыру жүйесіне жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жұмыскерлері, базардағы сатушылар да қаражат аударады.
Авторы: Қымбат Слямбеков
Следующая →

Тақырыптар: