Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аягөздіктер малдарын ет комбинатына өткізе алады

Аягөз ауданында ірі ет комбинатының салынатындығын облыс әкімі Даниал Ахметов 2016 жылы халыққа есеп беру кездесуінде айтқан болатын

- Үржар, Аягөз және Көкпекті аудандырында салынып жатқан ірі өндірістер - жаңа құс фабрикасы мен екі ет өңдеу кәсіпорны аграрлық саладағы экономикалық өсімнің драйвері болады, - деген Даниал Кенжетайұлы.

Аягөзде салынатын ірі кәсіпорынға қытайлық «Еуразия Агрохолдингі» компаниясы инвестиция құятындығы және оның 10 мың қой еті мен 12 тонна сиыр етін өңдейтін кәсіпорын болатындығы белгілі болды. Дегенмен, индустрияландыру картасына енген жобаның бағдарламасы бойынша бұл кәсіпорынның жылына 11 500 тонна ет өңдейтіндігі айтылған.

Аягөз ауданы ауылшаруашылық бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, «Еуразия АгроХолдинг» ЖШС-ның «Өндірістік қуат ауысымы 1400 ұсақ мүйізді мал басын құрайтын сою мен өңдеу цехының және мал бордақылау алаңы» құрылысының жобасы 2016 жылы «Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына енген.

- Бүгінгі күні жобаның құжаттары дайындалуда. Жоба бастамашысының кестесі бойынша құрылыс жұмыстарын 2018 жылы бастау жоспарланған. Жобаның құны 5266,2 млн теңге. Оның ішінде 4475,0 млн теңге қаржысы несиеге алынса, компанияның өзі 791,2 млн теңге қаражат құйған, - дейді Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Нүкібаев.

Ірі кәсіпорынның өнімдері алыс-жақын шетелдерге экспортталатын болады. Оның ішінде еттің көп бөлігі Қытай еліне жіберіледі екен.

- Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін, аймақтағы тұрғындар және шаруа қожалықтары өз малдарын ет комбинатына өткізе алады, - дейді Бауыржан Нүкібаев.

Ет кәсіпорнын салу кезінде құрылыс жұмыстарына 80 адам жұмылдырылады. Ал кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 204 адамға жұмыс орны ашылатын көрінеді.

Қанша дегенмен, көрші Қытай елі Қазақстаннан табиғи ет өнімдерін сатып алуға аса қызығушылық танытып отыр. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын аймақ ағайындарына алпауыт елдің ішкі нарығына ет өткізуге мүмкіндік туады.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →