Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменнің полиция учаскесінде балаларға арналған арнайы бөлме ашылды

Өскемен қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметі №4 учаскелік полиция пункінде «Панасыздық пен қадағалаусыздыққа жол жоқ» атты балаларға арналған достық бөлмесі ашылды

Полиция учаскілерінде балаларға арналған арнайы бөлмелерді ашу Қазақстан бойынша 2016 жылдың шілде айынан басталған. Бұған дейін Қостанай мен Қарағанды облыстары полиция учаскілерінде дәл осындай гуманитарлық бөлмелер ашылған.

- Полиция ғимараттарында балаларға арналған бөлек бөлмелерді ұйымдастыру - әлемдік тәжірибе. Зорлық-зомбылық көрген балаларды темір тормен қоршалған тергеу бөлмелерінде қабылдап, жұмыс жасау баланың психологиясын ауыр әсер етеді. Оның орнына балалардың еркін сезінуіне арналған ерекше бөлмелерді жасақтаған дұрыс. Ендігі кезекте балаларға арнайы көмек беру үшін немесе тергеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жерге апарудың қажеті жоқ. Жаңа ашылған бөлмеге баланы әкелу арқылы психолог та, тергеуші де, ювеналды полиция мен сот қызметкерлері де біресіп жұмыс жасай алады, - дейді «Феникс дамыту және бейімдеу орталығының» директоры Назигүл Ахметқалиева.

Бөлменің қабырғалары ашық түске боялған. Бұл баланың көңіл-күйін тұрақтандыруға әсер етеді. Демалуға, жұмыс жасауға арналған жұмсақ жиһаздар мен әртүрлі жастағы балаларға арналып түрлі ойыншықтар да қойылған. Бөлмеде шай ішігу арналған ыдыстар да бар. Бөлменің бір жағында қызметкерлердің жұмыс жасауына арналған техникалық жабдықтар қойылған. Алдағы уақытта бұл жерге бейнежазу камералары да орнатылады. Сонымен қатар, балалар сурет салу үшін үстел үстінде қарандаш пен түрлі-түсті бояулар да жатпақ.

- Жобаны «Самұрық қазына» АҚ қаржыландырып отыр. Мұндай бөлмелер, әзірше, Теміртау, Қостанай, Өскемен қалаларында ғана ашылды. Оған, шамамен, 3 млн теңге кетті, - дейді Назигүл Маташқызы.

Сонымен қатар, полиция учаскілерінде ашылған арнайы бөлмелерде балалармен жұмыс жасау үшін мамандар да дайындалған. Республиканың үш қаласында ювеналды полиция қызметкерлеріне екі күнді оқыту курстары өткізілген.


Авторы: Қымбат Слямбеков


Следующая →