Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мәселенің шешімінен бұрын, оларды табу жолдарын көрсетеміз

Жыл сайын 23 - маусым күні Қазақстан полициясының күні немесе полиция күні атты кәсіби мереке аталып өтеді

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңын қабылдаған болатын. Бұл қазақстандық полицияның қызметі мен міндеті анықтаған алғашқы құқықтық акт болды. Ал 2007 жылы мемлекет басшысының қаулысымен 23 маусым реми түрде Полиция күні деп бекітілген.

Осындай айтулы күнге орай, ШҚО ІІД Жол-патрульдік полициясының инспектор психологы Рыкова Инна Сергеевнадан сұхбат алудың орайы келді.

- Полиция қызметі де ауыр кәсіптердің біріне жатады. Оған қарамастан бұл салаға қызығушылық тудыратын нәзік жандылар да жеткілікті. Сіз неліктен осы саланы таңдадыңыз?

- 1974 жылы Марқакөл ауданы бұрынғы Алексеевка ауылында дүниеге келгенмін. Сол жерден 10-сыныпты бітіріп, 1991 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың педагогика және психология бөліміне оқуға түстім. 1996 жылы оқуымды бітіре салысымен 1 шілдеден бастап училищеде қызметіме кірісіп кеттім. Сол жерде 2011 жылға дейін 15 жыл қатарынан қызмет етіп келдім. Мұнда алғаш ұстаз атанып, кейін аға ұстаз болдым. Әкімшілік полиция желісінде арнайы дайындық бойынша сабақ беріп келдім. Кейін Глубокое аудандық бөлімінде 9 ай психолог қызметін атқардым. 2013 жылы 31 мамырдан бастап инспектор психолог лауазымына тағайындалдым. Қазір ШҚО ІІД Жол-патрульдік полициясының инспектор психологымын.

Бұл салада қандай міндеттер атқарасыз?

Бұл жерде жеке құраммен, натырақ айтатын болсам, қызметтік әрекетті жүргізумен айналысамын. Жеке құрамның абыржыған жүйке-психикалық жағдайымен жұмыс істейміз. Оларға арнайы лекциялар оқып, психологиялық алдын - алу, психологиялық түзету сабақтарын, тренингтер жүргізіп, ата-аналарымен, әйелдерімен жұмыс істейміз. Егер келеңсіз жағдайлар айтылмаса да оларды назарымыздан жібермеуге тырысамыз.

Психология ғылымының өзі бірнеше тармаққа бөлінеді. Ал бұл ғылымның ішкі істер қызметімен байланысқан жолына өз қалауыңызбен келдіңіз бе?

- Бұл саланы өзім таңдаған болатынмын. Алғашқы сәттерде кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс істегім келген болатын. Бірақ таңдауыма ата-анам араласып, училищеге баруыма тура келді.

Бүгінгі таңда жастар да, ересек адамдар да психологтарға баруға жүрексініп жатады. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

- Иә, расымен батыс елдерінде әрбір жанұяның бірінде өз психотерапевтері, психологтары бар. Бізде мұндай менталитет әлі толыққанды қалыптаспаған. Тіпті, өзгеше деп айта аламын. Бірақ адамдар мүлдем келмейді деп айтуға болмайды. Келсе де мәселені шешу жолдары мүлдем қалмағанда, не болмаса ешқандай шара қолдануға келмейтін жағдайларда келіп жатады. Бір жағынан тұрғындар арасында біздің психолог мамандығын түсінбей жататындар көптеп кездеседі. Негізінде, біз ешқандай кеңес айтпаймыз. Керісінше мәселенің себеп-салдарын анықтап беруге тырысамыз. Адамдар өз жолын өздері таба білуі керек.

Полиция қызметкерлеріне де негативті қарым-қатынастар кездесіп жататыны сирек емес. Бұл тұрғыда қандай пікір айта аласыз?

- Расымен біздің батальонда да мұндай жағдайлар сирек емес. Кейде адамдардың өздері қайшылық жағдайларын әдейі тудырып жатады. Бірақ бұл үшін біздің қызметкерлер арнайы дайындықтан өтеді. Мысалы, психологтар қайшылықсыз әрекеттер тақырыбы аясында көптеген дайындықтар өткіземіз. Осындай дайындықтар былтырғы жылдың желтоқсан айында ШҚМУ студенттерімен өткізілген болатын. Ал негативті қатынастың болуы мұндай қызметте заңды да шығар.


Авторы: Дос Сапар

Следующая →