Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауылда алты адам ғана жұмыссыз

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны нысандарының құрылысы басталған соң, Жарма ауданының бір кездері қаңырап қалған ауылдары қайта жандана бастаған

Кәсіпорын мемлекетке салық қана төлеп қоймай, жергілікті ауыл халқын жұмыспен қамтып отыр. Бақыршық кәсіпорны 2019 жылы толық өндіріс қуатын іске қосып, жылына 10 тонна шамасында алтын өндіреді.

- Кәсіпорында істейтін жұмысшылардың басым бөлігі - Әуезов пен Шалабай кентінің тұрғындары. 2018 жылы кәсіпорында 700-ге жуық адам жұмыс істейтін болады, - дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Юрий Овчинников.

Кен орны жұмыстары басталған соң, Әуезов кентіндегі тұрғындар саны мың жарымнан екі жарым мыңнан астам адамға дейін көбейген.

- Ауылда 2700 адам тұрады. Бақыршық кен орны мен өндіріс аумағында құрылыспен айналысып жатқан мердігер компанияларда 500-ден астам адам жұмыс жасайды. Ауылда небары 6 адам ғана жұмыссыз. Кен орнының ашылуы шағын бизнестің де дамуына мұрындық болды. Қазіргі күнде 51 адам жеке ісімен айналысады. Ал 179 адам мемлекеттік қызметкер, - дейді Әуезов ауылының әкімі Болатбек Тоқтағанов.

2016 жылы «Полиметалл» компаниясының әлеуметтік жобаларға бөлген қаражатының 240 млн теңгесіне 180 орынға арналған «Аққу» бөбекжайы ашылған болатын. Бұл мекеме де қазіргі уақытта 40 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр.

- Қазіргі уақытта балабақшада 140 бала тәрбиеленіп жатыр. 12 тәрбиешіміз бар, өзге қызметкерлер мен жұмысшыларды қосқанда бұл балабақша 39 адамды жұмыспен қамтып отыр, - дейді балабақша меңгерушісі Назкен Бектұрғанова.

Ресейлік инвесторлар Бақыршық кен орнына қажетті мамандарды жергілікті тұрғындардан дайындай бастаған. Ол үшін мектеп түлектеріне жыл сайын 4 оқу гранты бөлінеді екен. Қазірде Қазақстанның бірқатар ЖОО-да 23 студент аталмыш кәсіпорынның қаржыландыруымен білім алып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорын студенттерді толықтай жұмыспен қамтуға әзір.

- Соңғы үш жылда Жарма ауданының Әуезов, Шалабай ауылдарынның дамуына 1 млрд 74 млн теңге қаржы берілді. Біздің кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмай, әлі де қолдау көрсете бермек. Себебі бұл ауылдың емес, келер ұрпақтың дамуына тартылған инвестиция деп түсінеміз, - дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Юрий Овчинников.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →