Көлік нөмірін бояуға бола ма?
Ішкі істер министрлігі қызметкерлері көлік нөмірлерін бояу жайында айтып берді
Полиция қызметкерлері көлік иелерінің өзінің темір тұлпарларын бояуға болатындығын айтты. Алайда ол ҚР 968-2012 заңына сәйкес боялуы тиіс.
Көліктің мемлекеттік нөмірлерінде шрифтінің мөлшері, әрпі, қалыңдығы және түсі арнайы талаптарға сай болуы керек. Сонымен қатар нөмірдің қорғаныш қабаты да зақымданбауы тиіс.Әсіресе, KZ символы белгіленген голограммалары сақталуы керек.
Көлік нөміріндегі сызаттарды қылқаламмен бояп әрлеуге болады. Алайда нөмірді екінші қайта бояу оның голограммасын бұзады, сондықтан қайта бояудың қажеті жоқ.
Бояу барысында мемлекеттік нөмірдің стандарттарын бұзып алған жағдайда ескі нөмірді жасатуға халыққа қызмет көрсету орталығына барып тапсырыс беру қажет. Мұндайда бұрынғы нөмірді қалпына келтіру мүмкін емес, жаңа нөмір сатып алу керек болады.