Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыста мұнай өндіру құралдары жасалуда

2016 жылдың соңында «Силумин-Восток» компаниясы соңғы үлгідегі лазерлік дәнекерлеу білдегін алды

Өскемендік «Силумин-Восток» кәсіпорны «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау» атты Еуропалық қайта құру және даму банкінің және Теңізшевройлдың біріккен бағдарламасы аясында көмек алды.

«Силумин-Восток» ЖШС - жеке «SV» брендін тіркеген отандық құрал-жабдық өндіруші. Компания шығаратын өнімнің сапасы CT-KZ және кедендік одақтың декларацияларымен расталған. Олардың ішінде электроқалқандар, сорғылар, сорғы станциялары, ілмекті арматуралар және басқа да өнімдер бар. Компанияның жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 1-санатты лицензиясы бар.

2016 жылдың соңында «Силумин-Восток» компаниясы соңғы үлгідегі лазерлік дәнекерлеу білдегін алды. Бұл технология беттерді қосымша қоспаларсыз дәнекерлеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде теңгерме және механикалық өңдеуді қажет етпейтін дайын өнім шығады.

- Бұл дәнекерлеу құралы Қазақстанда жалғыз. ЕҚДБ көмегімен Германиядан сатып алынып, қолдануды үйретуге мамандар да келді, - дейді Жылуэнергетика, коммуналды шаруашылық департаментінің басшысы Дмитрий Рукин. - Бұл құрылғыларды тек пайдаланып қоймай, оны пайдалануды үйретуді қолға алмақпыз.

ЕҚДБ көмегімен осы білдекке арналған автоматтандырылған бағдарлама орнатылды. Бағдарлама уақытты үнемдеп, қажет сапаны қамтамасыз етеді.

- Бағдарламаны орнатып, білдекті барлық режимде тексергеннен кейін, біз «Үлбі металлургиялық зауытынан» уранды тасымалдауға арналған тот баспайтын болаттан белдік дәнекерлеуге тапсырыс алдық. Мұндай жұмысты ШҚО-да бізден басқа ешкім істей алмайды, - дейді «Силумин-Восток» маркетинг бойынша директоры Наталья Ежова.

ТШО және ЕҚДБ 2015 жылдың қазанында қазақстандық шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын бастаған болатын. ЕҚДБ аймақтық кеңселері арқылы іске асатын бағдарламаға ТШО 500 мың АҚШ долларын бөлді. Шағын және орта кәсіпорындар жергілікті және халықаралық кеңесшілер қызметін ЕҚДБ-мен бөліп төлейді. ЕҚДБ аталмыш шығындардың 75 пайызын төлейді.


Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →