Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Картоп пен жұмыртқа бағасы неліктен қымбаттады?

Өскеменде картоп бағасы соңғы аптада бірден көтеріліп кетті. Баға 260-300 теңгеге тең болып тұр

Сатушылардың сөзіне қарағанда бағаның өсуіне нарықтағы «екінші нанның» жетіспеушілігі себеп болған.

- Біз картопты «Дина» базарынан сатып аламыз. Ондағы картоптарды Қытайдан әкеледі. Сондықтан олар қымбат. Бағасы 260 теңге болып тұр, - дейді дүкен сатушысы Елена Иванова.

Көтерме базарларда картоптың жетіспеушілігі бірден байқалады.

- Базарда картоп қалмады. Ал саудагерлер оны тасып әкелмейді. Қытайдан жеміс-жидек таситындардан бір-екі қорап картоп ала келуін өтінеміз. Егер олардың жүк тиетін көліктерінде орын қалса, бір-екі тонна картоп әкеле алады. Егер базардағы барлық картопты жинайтын болсақ, бір Камаз картоп та шықпайды, - дейді «Дина» базары.

Картоп бағасының өсуіне оның қаламызда көкөніс қорының таусылуы себеп. Алдағы уақытта жеткізушілер жұмыртқа бағасының да өсетіндігін айтып отыр. Бұған дейін жұмыртқа бағасы 160-200 теңге айналасатында болған еді. Ендігі кезекте жұмыртқаның бір данасы үшін қала тұрғындары 20-30 теңге артық төлейтін болады.

- Біз экспортқа тікелей тәуелдіміз. Ресейдегі Пасха мерекесінен кейін елімізде жұмыртқаның көлемі артқан еді. Сондықтан баға біршама түсті. Алайда алдағы уақтта жағдай өзгереді. Қазақстандық құс фабрикалары баға көтере бастады. Елімізде жұмырта азайып барады, Ресей мен Қырғыстан көп көлемде жұмыртқа алып жатыр, - дейді облыстағы жұмыртқа сатумен айналысатын кәсіпкерлер.


Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →