Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда рақымшылық жасау кезеңі аяқталды

Мемлекет басшысы өткен жылдың 13 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң толық көлемде жүзеге асырылды

Рақымшылық нәтижесі бойынша, Қазақстанда бас бостандығын шектеу орындарынан 1200 адам босатылды және 2269 адамның жаза мерзімі қысқартылған. Одан бөлек, өз жазасын қоғамнан оқшаулаусыз өтеп жүрген және тұрғылықты мекенжайы бойынша пробация есебінде тұрған 6700-ден астам адамға еркіндік берілген.

Комитеттің хабарлауынша, аталған заңды жүзеге асыру кезеңінде 40-қа жуық шетелдік азамат бостандыққа шыққан. Олардың басым бөлігі - таяу шетел азаматтары. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта республиканың ҚАЖ мекемелерінде ТМД мен алыс шет мемлекеттердің 1300 азаматы жазаларын өтеп жатыр.

Следующая →