Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шетелде оқыған дәрігерлер неге облыс медицинасын дамытпайды?

Шығыс Қазақстан облысы республиканың өзге аймақтарынан тұңғыш рет медициналық кадрларды шетелде оқытуды бастаған болатын

Мұндай ірі бастаманың әзірше республикамыздың ешқандай аймағы қолға ала қойған жоқ. Сонымен қатар облысымызда медициналық құрал-жабдықтар да әлемдік үлгіге сай жабдықталған. Дегенмен, облысымызда денсаулық сақтау саласы әлі де өзінің белгілі бір арнасын таба алмай қаңтарып тұр. Бала мен ана өлімі деректері бойынша республика ішінде алғашқы қатардан түспей келеді.

- Облысымызда медицина мамандарын оқытудың үш деңгейі бар. Оның үшінші деңгейі бас дәрігерлерді шетелде оқыту бағдарламасы. Облыстық клиника мамандарынан құралған 63 бас дәрігер 1 136 669,8 теңге қаражатқа шетелде білім алып келді. Алдағы уақытта 3 жылда 150 маманды шетелде оқытуды жоспарлап отырмыз, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Алайда Даниал Ахметов денсаулық сақтау мамандарын оқытуға жыл сайын милиардтаған қаражат әрі биыл медициналық жабдықтар алғанға 6 млрд теңге бөліп отырғанын айтады.

- Облымызда жақсы мамандар бар. Шетелде оқытқанша неге өзіміздің мамандардан білім алмасқа? Дәрігерлер арасында тестілеу өткізе отырып мықты мамандардан оқыту топтарын құру керек. Ағымдағы жылы медициналық жабдықтарға 6 млрд теңге бөлініп отыр. Ал сол шетелден келетін заманауи жабдықтармен кім жұмыс істейді? - дейді облыс басшысы.

Алайда аймақ басшысы республикада бұрын-соңды орындалмаған бастаманың неліктен нәтиже әкелмей жатқандығын да айтты.

- Облысымызда екі Ана мен бала орталығын құрдық. Облысымыздың үздік дәрігерлері жұмыс жасауы керек орталық болатын, ал оның орнына біреудің сойылын соққан бас дәрігерлердің ортасына айналды. Нәтижесінде бір-біріне бағынбаған бас дәрігерлер медициналық қызметтің нашарлауына алып келді. Ана мен бала өлімі де тыйылмады. Дәрігерлердің өзара үстемдігі мен өзімшілдігі облысымыздағы медицинаның дамуына шектеу қойды. Шетелде оқып келгендер өзіміздің дәрігерлерді де оқытатын болсын! - деді Даниал Ахметов.

Сондықтан облыс басшысы бас дәрігерлермен қатар жас дәрігерлерді оқытуға жіберу керектігін әрі биыл сатып алынатын медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алатындай біліктілікті оқыту керектігін жеткізді.


Қымбат Слямбеков


Следующая →