Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жолдар жаңа технологиямен жөнделуде

Өскемендегі 18 учаскенің алтауында жол жабындылары жаңартылды. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысып шығу үшін қала көшелерін аралады

Ағымдағы жылы Өскемен жолдарын орта деңгейде жөндеуден өткізу үшін 1,2 миллиард қаражат бөлінді. Ағымдағы кезеңде мердігерлер Тәуелсіздік, Абай даңғылдардарында, Орджоникидзе, Қазақстан, Согринская, Скалистая, Революционная, Пермитина, Грейдерная және өзге де көшелерді қамтығанда 20 шақырым жол жабындысы жаңартылатын болады. Облыс орталығында орта деңгейдегі жол жөндеу жұмыстарына он компания ат салысуда.

- Биыл ағымдағы және орта деңгейдегі жол жөндеу жұмыстарына қаражат екі есеге артық бөлінді. Өскеменде және Семейде жол жабындысының жаңа түріне көштік – барлық еуропа елдерінде қолданылатын мастикалық-ұсақтасы тас жолы. Бұл жабынды түрі Семейде де қолданылып келеді, - дейді Даниал Ахметов. - Жуық арада тағы қай жолдарды орташа жөндеу жұмыстарынан өткізу керектігін қарастырамыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс көлемі үш есеге артайын деп тұр.

Облыс орталығында 18 учаскенің алтауында жұмыс толықтай біткен. Атқарылған жұмыстың сапасына Тәуелсіздік даңғылында «Ремдор» ЖШС диреторы Бауыржан Қамзинов жауап береді. Техникалық бақылау жұмыстарымен «УКТехЭкспертиза» ЖШС мен «Кончубаев Р. А.» ЖК Руслан Кончубаевтың жетекшілігімен жүргізеді.

Абай даңғылынан Интернациональная көшесінің қиылысына дейінгі жолға «ДСУ 11» ЖШС Илья Елфимовтың жетекшілігімен жаңа жабынды төселді. Жұмыс сапасын да Руслан Кончубаев бақылады.

Скалистая көшесінің жөндеу жұмыстарын Мерхат Сейітханұлы басқаратын «Шығыс Жолдары» компаниясы жүргізген. Техникалық бақылау жұмыстарын бұл өңірде «Иртышстройпроект» ЖШС мамандары жүргізген. Бұл кәсіпорын директоры Алексей Савченко Спорт Сарайы өңірінде жүргізілген жөндеу жұмыстарын да қадағалаған болатын. Бұл жолды «Восток Асфальт» ЖШС мердігерлері Асқар Жакупбаевтың басшылығымен жаңартып шыққан.

Бұл кәсіпорын жетекшілерінің барлығы аяқталған алты учаскедегі орта деңгейдегі жөндеу жұмыстарының сапасына жауапкершілік артады. Анықталған кемшіліктердің барлығы жуық арада жөнделеді.

Биыл Өскемен жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 200 миллион теңгеден артық қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жұмыс көлемінің 80 пайызы орындалып болған.

Сонымен қатар Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылын, Жібек Жолы көшесін қайта құруға, Карл Маркс даңғылынан алматы тас жолына дейін, «Сәтпаев даңғылы-Самар шоссесіндегі» жол құрылысына 9 миллиард теңге бөлінген. Өңір басшысы бұл жобалардың барлығында жұмыс сапасын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті. Бұл жерде депутаттар тарапынан қоғамдық бақылаусыз болмайды.

Дос Сапар

Следующая →