Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тегін дүние де оңай келмес...

Денсаулықсақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, тегін дәрілердің ретсіз пайдаланылатын жағдайы да кездеседі

Ал амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ҚР Денсаулықсақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» №786 бұйрығы бойынша жүреді.

- Тегін дәрі-дәрмектер дәрігердің, амбулаториялық емхана ұйымының рецептісі бойынша жіберіледі. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2017 жылы 3,8 миллиард теңге бөлінген, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. - Тендер қорытындысына разы болмаған дәрі-дәрмек жеткізушілер ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тендер комиссиясының шешіміне талап қойған.

Бұл талаптар «ЕураАзия-фарм», «ФармаСПА» ЖШС атынан берілген. 17 сәуірден 6 мамыр аралығында жергілікті мекен тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеді. ШҚО сотымен бұл талаптар қайтарылып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жандандырылған. Айта кету керек, ШҚО сотымен 26 мамырда «ЕуроАзияФарм» алақол жеткізуші болып танылған.

- 2017 жылдың 5 қаңтарында тендер қорытындысы бойынша 900 миллион теңгеге тегін дәрі қамтамасыз етілген. Тендер жарияланған күннен бүгінге дейін 899 миллион теңге игерілген, - дейді Ра йфа Сафиоллақызы. - Барлығы 1,8 миллиард игеріліп қойды. Өкінішке орай бұл қаражат жеткіліксіз. Сондықтан тағы да 3,1 миллиард теңге көлемінде қажеттілік белгіленді. Қазір сараптамалық анықтама жасалуда.

Денсаулықсақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, тегін дәрілердің ретсіз пайдаланылатын жағдайы да кездеседі. Яғни, үйде ем қабылдаушыларға барған учаскелік дәрігерлер кейбір науқастардан көптеген қолданылмайтын тегін дәрілердің кездесетінін айтады.

- Бір адамға бұл дәрілер тапшы болып жатқанда, екінші адамдардың үйінде тегіннен тегін тұратын көрінеді. Сондықтан оларға да бақылау жолдары қажет-ті. Сонымен қатар, соңғы жылдары облысымызда диспансерлік аурулар саны да күрт өскен көрінеді. Мысалы, 2017 жылдың бірінші тоқсанында ғана қан айналымы жолдары ауруымен сырқаттанғандар саны 85 пайызға, яғни, 12 мыңнан асқан. Сол сияқты бөлінген қаражат та бұл көрсеткішті қамти алмайды.

Атап айтқанда, бұл аурудың бір түрі. Артерия гипотониясымен науқастанғандар 10 мыңнан асқан. Ал жүрек ишемиялық ауруына 1634 адам, асқынған миокард инфарктісі 17,6 пайызға, созылмалы өкпе аурулары 18 пайызға өскені байқалады.

Өкпе аурулары демекші, соңғы жылдары облыстық туберкулезге қарсы диспансер де дәрі тапшылығын көрген. Бұл туралы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Динара Садуақасова мәлімдейді.

- Облысымзда туберкулез ауруына шалдығу деңгейі 11 пайызға төмендеген. Бұл дерттен өлім деңгейі 1,4 пайызды құраған, - дейді Динара Жамбылқызы. - 2016 жылы 1685 дертке шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 300 миллион 54 мың теңге, ал азаматтық сектордағы 1406 науқасқа 300 млн 54 мың теңге бөлінді. Бірақ 2016 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансер 5 ай қатарынан тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеді. Қаражат тұрақты бөлінсе де дәрілерді жеткізу осы уақыт аралығында тоқтап тұрды.

Денсаулықсақтау министрлігі, Ұлттық туберкулезге қарсы орталыққа бұл жағдайлар хабарландырылды. Ұлттық орталық осыған байланысты науқастардың емделу кестесі өзгертілген. Сонымен қатар, Талдықорған, Ақтау облыстарынан тиісті дәрілер жеткізіліп тұрған. Әрбір науқастың емделу ережесі тиісті деңгейде бақыланды.


Дос Сапар

Следующая →